50-ге толған Алтынбек Рахметов сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Серік Ибрагимовтің бұрынғы продюсері 50 жас туған күніне келген қонақтарды таңғалдырды. Алтынбек Рахметов отау құрғандарына 25 жыл толуына орай әйеліне ұсыныс жасап, сақина тақты. Әсерлі сәттің видеосын күні кеше ғашықтар мерекесінде жариялады, деп жазады Stan.kz.
«Бүгін — махаббат күні. Баршаларыңызға бақыт, қызық, тыныштық тілеймін. 25 жыл отбасымызға. Ғұмырлы болайық. Арада 25 жыл өткен соң әйеліме ұсыныс жасадым. Аман болайық, махаббаттарымыз мәңгілік болсын», — деп жазды Рахметов.
Белгілі продюсер өнердегі әріптестері мен жақындарының басын қосып, дүркіретіп той тойлады.
Мақпал Жүнісова той кезінде Рахметовке тоқал алуға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы.
«70-ке келіп үйленіп жатқан жігіттерді білеміз. Сондықтан да болашағың алда Алтынбекжан! Екіншісін аласың ба, үшіншісін аласың ба?! Өмірде бәрі мүмкін», — деді Мақпал Жүнісова тілек үстінде.
Тоқал алудан бас тартқан продюсер көпшіліктің алдында сүйгеніне адал екенін көрсетті. Ол меншікті мерекесінде әйеліне қайта ұсыныс жасады.
«90-шы жылдары сақина беріп, тізерлеп ұсыныс жасайтын кезең болған жоқ. 25 жыл өткеннен кейін, мен гауһартас қапталған сақина сатып алып, бір тіземді бүгіп әйеліме «келесі 25 жылға менің әйелім боласың ба?» деген ұсыныс тастадым. Ол кісі маған «иә» деді. Мен қобалжыдым, жаңа ғана үйленіп жатқан жігіттей болдым. Бірақ арманымды орындадым!» — дейді Рахметов.
stan.kz