Қош келдің — Наурыз! — Балабақшадағы ашық сабақтар — Bilim
Қош келдің — Наурыз!
№11 «Арай» балабақшасы
№3 «Алтын сақа» ПДК ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Кекенова Айгерим Жангельдиновна
Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Бейнетаспадан «Наурыз» мерекесін көрсету. Тақтадағы суреттер.
Шаттық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем.
— Көктем мезгілінің қай айы?
— Наурыз.
— Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір көктем мезгілінің наурыз айы. Көктем мезгілі үш айдан тұрады. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр. (Ай аттарын бірге қайталайды).
Балалар бүгін үлкен мереке – Наурыз тойы. Ұлыс күні. Наурыз мерекесін біз жыл сайын айрықша өткізіп келеміз. Наурыздың 22-ші жұлдызында күн мен түн тенеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз — жыл басы болып саналады. Ата-бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той-думан мен ойын-күлкі, ән-жыр мен атап өткен.
(Наурыз мейрамы туралы слайд).
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.
(Мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды).
— Балалар, біздің ұлттық дәстүрлерімізді атап өтейікші
— Тысау кесу, бесікке салу, сырға салу және т.б.
Қазақтың салт-дәстүрі: «Бесікке салу».
Балаларды шеңберге отырғызып, бесікке куыршақты бөлейміз. «Әлди-әлди» жырын шырқаймыз.
— Ұлттық ойындарды атап өтейін: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және т.б.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс».
Балалар екі топқа бөлінір, арқанды тартады. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.