Қазақша реферат: Сөйлеудің бұзылуы себептері және түрлері

0






Сөйлеудің бұзылуына алып келетін себептерді негізгі екі топқа бөледі: биологиялық және әлеуметтік. Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) жэне туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары, жарақаттар, т.б.) патогендік факторлар жата-ды. Әлеуметтік-психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезек-те психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз — үзақ уақыт аралығында жэне жеткілікті түрде субъектінің негізгі өмірлік жэне психикалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нэтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.
Балалардың үлкендермен қарым-қатынасындағы эмоциялық жэне сөздік араласудың аздығы да бірден-бір себеп бола алады. Баланың сөздік түрғыдан дамуына, сондай-ақ оның кішкентай кезінен екі бірдей тілдік жүйені игеруге мэжбүрлігі де, айналадағылардың сөйлеу мүкістіктері, баланы тэрбиелеудегі кемшіліктер, т.б. кері әсер етеді.
Логопедияда сөйлеудің бүзылуы клиникалық-педагогикалық жэне психологиялық-педагогикалық көзқарастар аясында қарас-тырылады. Сөйлеу патологиясының механизмдері мен симпто-матикасы клиникалық-педагогикалық түрғыдан зерттеледі. Бүл жерде төмендегідей ауытқушылықтар қарастырылады: дислалия, дауыстың бүзылуы, ринолалия, дизартрия, түтығу, алалия, афазия, дисграфия жэне дислексия.
Дислалия — дыбысты дауыстап айтудың бүзылуы. Дислалиялық дыбыстық бүзылулар артикулярлық аппарат қүрылымының ақауларымен, сондай-ақ сөздік тэрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осыған байланысты дислалия механикалъщ жэне функционалдық. деп бөлінеді.
Механикалық (органикалық) дислалия артикулярлық аппараттың бүзылуына байланысты туындайды. Оған тіс жігінің дұрыс қабыспауы, тіс қатарының аномалиялары, таңдай қүрылысының ақаулары, өте үжен немесе өте кішкентай тіл, тіл жүгенінің қысқалығы жатады.
Функционалдық дислалия, көбінесе бала сөйлеуін дұрыс қада-ғаламаған, тэрбиелемеген жағдайда, қоршаған адамдардың сөйлеу дефектілері болған кезде, балада фонемалық қабылдау нашар дамығанда, педагогикалық ықпал төмендегенде дамиды. Сондай-ақ функционалдық дислалия бала ерте мектепке дейінгі кезеңде екі тілді қатар меңгерген жағдайда да байқалады.
Логопедиялық практикада дыбыстарды айтудың бүзылуы бірнеше түрге бөлінеді:
• Сигматизм (ысқырып, ышылдап айтылатын дыбыстарды айта алмау);
• Ротацизм («р» эрпін айта алмау);
• Ламбдацизм («л» -ды айтудағы кемістіктер);
• Таңдайлық дыбыстарды айта алмау дефектілері (к, қ, ғ, г, х, й);
• Жүмсарту дефектісі (қатаң дыбыстың орнына оның үяң жүбы айтылады).
Дауыстың бүзылуы. Бүл дефект дауыс аппаратындағы пато-логиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Дауыс бүзылуының екі түрі бар:








Дисфония, яғни дауыстың ішінара бүзылуы (дауыстың жоға-рылық деңгейі, күші, тембрі бұзылады); Афония — дауыстың мүлдем жойылып кетуі.
Дауыстың бұзылуы немесе жойылып кетуі, көбіне дауыс аипаратының қабынуының созылмалы түрпат алуынан, соны-мсн бірге олардың анатомиялық өзгерулерінен болады да, олар органикалық себептер деп аталады. Мысалы, созылмалы ларингит, тамақ бұлшық еттерінің параличі (жансыздануы), тамақ пен таңдайға жасалған операциялардан кейінгі жағдайлар, түрлі ісіктер иотижесінде пайда болатын дисфониялар мен афониялар.
Дауыстың функционалды бұзылуы да дисфония жэне афония деп аталады. Бүл осы аурудың ең көп тараған түрлері. Олар дауыстың шар-шауынан, түрлі инфекциялардың, психотравматикалық ахуалдардың нэтижесінде пайда болады. 13-15 жастағы жасөспірімдерде жас срекшелігіне байланысты ағзадағы өзгерістерге сай дауыстың озгерулері орын алады. Дауыстың дамуының бүл кезеңі мутациялық ксзең деп аталады. Бүл жас аралығында балаларға дауыстық режим үстанып, дауыс органдарына қатты күш түсуден сақтанған дүрыс.
Ринолалия — артикулярлық аппарат қүрылысының туа біткен анатомиялық дефектілерімен байланысты пайда болатын дыбыс шығарудың жэне дауыс тембрінің кемістіктері.
Анатомиялық дефектілерге жырық ерін ауруы, таңдай, қызыл иек жырықтары жатады. Оларға мүрын мен ауыз қуыстары ара-сында ашық жырық немесе жүқа терімен ғана жабылып түратын жырықтардың түрлері де жатады. Көбіне бүл жырықтарға қоса тіс пен жақ анатомиялық кемістіктері де орын алады.
Ринолалия кезінде баланың сөзі түсініксіз болады; ол мүрнынан сөйлейді де, көптеген дыбыстардың айтылуы бүзылады. Дефект дэрежесі неғүрлым ауыр болса, соғүрлым баланың сөйлеуі де қиындап, түсініксіз бола түседі. Бүл дертке шалдыққан балалар ерте-рек емдеу шараларын қолдануға — ортодонттық немесе хирургиялық көмекке мүқтаж. Мүндай балаларға логопедиялық көмек операцияға дейін де, кейін де өте қажет. Мүндай көмек жүйелі жэне неғүрлым үзақ мерзімде көрсетілсе, соғүрлым нэтижелі болары сөзсіз.
Дизартрия — сөйлеу аппаратының иннервациялық жетіспеу-шіліктерінен болатын дыбыс шығарудың жэне сөйлеудің мелодиялық (ырғақтық) жэне интонациялық түрғыдан бүзылуы.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!