Қазақша реферат: Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті |
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мәдениеті олардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі көзқараста кәсіби-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылды. Ал қазіргі кезде педагогикалык құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады. Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған әр түрлі басқару іс-әрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады. Басқару мәдениеті аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық компоненттерінен тұрады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті мектепке жетекшілік етуде маңызды және мәні бар басқарупедагогикалык құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Басқару педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруга мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады. Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялык компоненті педагогикалық үдерісті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруды қарастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті бақылау мен реттеу біліктерін меңгеруіне негізделеді. Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгертулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерімен де, басқару объектілері ерекшеліктерімен де байланысты.
Білім беру мекемелеріндегі міндетті қызмет атқарушылардың функционалдық міндеттері. Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді — мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үдерісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы білім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі. Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарларына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік-педагогикалық реабилитация жөніндегі директордын орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Мектепішілік бақылаудагы педагогикалық талдау. Тұтас педагогикалық үдерісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұгалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімд ілігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежесіне байланысты. Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.
Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді. Параметрлік талдаулар білім беру үдерісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық талдау педагогикалық үдерістердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі. Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі — сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және аспектілік талдаулар болып бөлінеді. Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен. мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады. Сабақты қысқа талдау мүғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жаксы білуді қажет етеді. Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.