Қазақша реферат: Ақылой кемістіктерінің түрлері және ерекшеліктері

0






Іштен туа біткен ақыл-ой кемістігінің имбецил тобына кіретіндері ішіндегі айтарлықтай көп тараған түрі — Даун синдромы деп аталады. Сырқаттың атауы 1866 жылы ағылшын дәрігері Лэнг-дон Даунның осы ауру түрін басқа ақыл-ой кемістіктерінен бөліп алып арнайы зерттеуімен байланысты. Даун синдромы ақыл-ойдың хромосомдық негіздегі кемістіктері тобына жатады. Даун сырқатына шалдыққан балалардың дене қүрылысында және психикасында жай көзбен қарағанның өзінде көрініп түратын бірқатар ерекшеліктері болады. Мэселен, бас сүйектері қалыптағыдан кішілеу, желке түсы бір тегіс жайпақ болып келеді. Сондай-ақ мүндай балалардың көз қиығы тар, кеңсірігі шүңғыл, ал бет сүйегі дөңес те шығыңқы келеді. «Даун балалардың» қүлақ жарғақтары кішкентай жэне эртүрлі, еріндері қалың әрі ауыздары үнемі ашылыңқы келеді де, өте үлкен тілдері ауыз қуысында өлі ет секілді сүлап жатады.
Психикалық ерекшеліктеріне келетін болсақ, ақыл-ойларының таяздығы жағынан олар имбецил балаларға өте үқсас келеді.
Мінез-қүлықтары да эртүрлі жэне қүбылмалы болып келеді. Олардың кейбіреупері ашуланшақ, ызақор, кекшіл; екіншілері байқағыш, еліктегіш; үшіншілері мейірімді, ақкөңіл, кішіпейіл; ал төртіншілері өкпешіл, жэбірленгіш және кінәмшіл болады. Олар өздерін күтіп, қарайтын адамдарға тез бауыр басып кетеді. Даун синдромымен ауыратын балалар 3-4 жастан асқаннан кейін айналасындағы өзі қатарлы дені сау балалармен тікелей араласа-тын болса, сондай-ақ отбасындағылардың, эсіресе ата-анасының ерекше қадағалап, түзету тэрбиесімен айналысуының нэтижесінде қимыл-қозғалыстарының біршама ширайтындығын, психикалық белсенділігінің артатындығын және сөйлеу тілінің қалыптаса бастайтындығын байқауға болады.
Гидроцефалия деп өте үлкейіп кеткен немесе «қазан бас» деп аталатын ауру түрін айтамыз. Гидроцефалияның өзі жүлын сүйықтығының шамадан тыс қатты көбейіп, басқа қүйылып жина-луынан пайда болатын ауру. Жүлын сүйықтығының тасуына ананың екіқабат кезінде ағзасында эртүрлі азық-түлік тағамдары арқылы келетін уытты заттардың жайылуы, түрлі жарақаттардың зардаптары немесе мидағы қанның жүруін реттеп түратын жүлын сүйығының жүйелеріне тікелей эсерін тигізіп, олардың қызметін бүзатын ми қабықтарының қабыну процестері мен мидың іріңдеп ісінуі себеп болуы мүмкін дегенжорамалдар бар.
Ігптен туа бітетін гидроцефалия кемістігі баланың дүниеге кел-геннен кейінгі алғашқы күндерінде немесе айларында-ақ білінуі мүмкін. Бүл кезде баланың басы шарланып, эсіресе маңдайы дөңестеніп тез өсе бастайды. Гидроцефалия сырқатына шалдыққан балалардың психикасын-да өздеріне тэн ерекшеліктері бар бірқатар өзгерістердің орын алатындығы байқалады. Мысалы, олар бірнеше шумақты өлең жолдарын бір естігенде-ақ жаттап алатын жағдайлар болады. Ал кейбіреулерінде музыкалық әуенге жэне көркемөнерге деген ерекше есте сақтау қабілеттері жақсы жетілген. Алайда мүндай балалардың жүмыс істеу қабілеттері бірқалыпты жетілмеген. Олардың белгілі бір мақсатқаталаптанып үмтылуы нашар, ынталары, қызығушылықтары төмен болып келеді. Сырқат балалар, көбінесе, бір нэрсенің байы-бына барып, өздігінен ой тоқтата алмайды. Көріп, естігенін сол қалпында ғана қайталайтын еліктегіштік қасиеттері басымырақ, күйгелек, қызба мінезді болатындығы байқалады. Ал екінші біреулеріне, керісінше, көңіл күйлері титықтап қүлазыған, күш-қуаты кетіп қажыған, айналасындағы қүбылыстар мен адамдарға немқүрайдылықпен енжар қарайтын мінез-күлық солғындығы тэн.
Микроцефалия гректің «микро» — кішкентай жэне «цефаль» -бас сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген үғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-ой кемістіктерінің ішіндегі ең ауыры деп есептеледі. Мүндай ауруға шалдыққан балалардың бас-тары эдеттегіден өте кішкентай, шақша бас болып келеді де, соған орай милары да толық жетілмей қалады. Сонымен қатар олардың қимыл-қозғалыстары да бүзылған және қүрысып-тырысудың, қалшылдап-дірілдеудің, сіңірлері тартылудың синдромдары бо-лады жэне қоршаған ортада болып жатқан тіршілік болмысының шындығын сезініп-түсінуі, үғынып эсерленуі, ойланып елестетуі арқылы көңіл күйдің реңімен бейнелеп көрсететін ми торабының жүмыс істеу қызметінің даму барысы да кешеуілдеп қалатындығы анық байқалады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!