Реферат: Қазақстан тарихы | Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі
Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі — қазақ өкілдерінің 1916 жылы 7 тамызда Орынбор қаласында еткен кеңесі. Ол Орынбор генерал-губернаторы Эверсманның рұқсат етуімен өтті. Оған Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстарының қазақ өкілдерімен бірге Алаш қозғалысы қайраткерлері де қатысты. Кеңесте 1916 жылғы 25 маусымдагы патша жарлығына сәйкес соғыс майданының тыл жұмыстарына қазақтардан адам алу мәселесі қарастырылды. Кеңеске жиналғандар төрағалыққа Ә.Бөкейхановты, хатшылыққа М.Дулатов пен О.Алмасовты сайлады. Кеңестің жұмысына А.Байтұрсынов та атсалысты. Кеңес тыл жұмысына адам алу іс-шарасы қазақ жұрты шаруашылығына зияны тимейтіндей етіліп жүргізілуін қалап, бұған орай мынадай талап-тілектерді білдірді: тыл жұмысына адам алу солтүстік өңірде 1917 жылға дейін, оңтүстік өңірде 1917 жылдың 15 наурызына дейін шегерілсін; алдымен 19 бен 31 жас аралығындағылардың үштен бірі алынсын; адам алу барысында қазақ халқына мұғалімдер жетіспейтіндігі ескерілсін; мектептер мен медреселерде оқып жүрген шәкірттер тыл жұмысына алынбасын; тыл жұмысына алынғандар отыз кісіден топтастырылып, олар тілмаштармен және молдамен қамтамасыз етілсін. Осы талап-тілектер Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясы мен А.Ф.Керенский атына жеделхат арқылы жолданды
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!