Нотр дамда өрт: Франциядағы әйгілі құдай ана үйі жанып жатыр — Қазақстан жаңалықтары
15 сәуір күні Францияның ең көрнекті жерлерінің бірі — Нотр-дам-де-пари құдай ана үйінде өрт болды.
Куәгерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиға орнынан фото-видеолар жариялады.
Шіркеудің өртенгені туралы ақпарат әлемге тарап үлгерді. Құдай ана үйінің шатыры мен қабырғасы опырылды.
16 сәуірге қараған түні ресми түрде ғимараттың негізгі құрылысына зиян келмейтінін хабарланды. Бұл туралы өрт сөндірушілер мәлімдеді.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, өрт салдарынан бір адам зардап шекті. Ол өрт сөндіруші қызметкер.
Франция президенті Эммануэль Макрон оқиға орнына барды. Ол ғимаратты қалпына келтіруге уәде берді. Қайта қалпына келтіруге 10 жыл уақыт керек.
Французы поют молитвы на улицах, расположенных в районе собора Парижской Богоматери, где произошел пожар, передает корреспондент РИА Новости.
Француздар өрт болған шіркеу маңында дұға етті. Кей бірі тізерлеп тұрып жылады.
stan.kz