«Жұтып қоямын». Салтанат Бақаева өзіне ұнамағандармен не істейтінін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Отау құрғаннан кейін «бақытты қыламын» деп ойлайтындар жайлы музыканттар қызу әңгіме құрғанын жазды Салтанат Бақаева Instagram парақшасында. Айтуынша, әнші ұнамайтын, ыңғайыссыз жағдайларда үнсіз қалып, жұтып қояды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Тойда жүрген кезде «Бақытты боламын» емес «бақытты қыламын» деген ойың болсын деп жатады. Бірақ уақыттың ағымына қарай өте модный мамандық иелері, психологтардың ойынша тек өзі бақытты болған жан біреуге бақыт сыйлай алады екен», — дейді ол.

Жанды зерттеуші мамандардың сөзіне жүгінген ол «Бақытты қыламын» деген сөз осы уақытқа келіңкіремейтінін айтты. Дегенмен өзі әлі де осы қағидаға сенетінін жеткізді.

«Өз басым маған ұнамайтын немесе ыңғайыссыздау жағдай болып тұрса оны ешкімге айтпай, ұмытып немесе көзімді жұмып, ішімде сақтап, жұтып қойып жүре беремін. Сол  ата-бабамыздан қалған «бақытты қыламын» деген қағидамен өмір сүремін. Сосын бірақ бір жыласам… Сіздерде қалай, құрметті қыз-келіншектер?» — деп ойын білдірді өнер иесі.

stan.kz