Францияда Нотр-Дам де Пари шіркеуі өртеніп, мұнарасы құлады

0

15 сәуірде Франция астанасы Париждегі Нотр-Дам де Пари шіркеуі өрт шықты. Жылына 13-14 миллион адам кіретін тарихи ғимараттың төбесі мен мұнарасы өрт басталған бірнеше сағаттан соң құлады. Жапа шеккендер туралы дерек жоқ.

9 ғасыр Француз мәдениеті мен тарихының символы саналып келген шіркеуде өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші күш салған.

Видео: Париждіктер өртенген шіркеу маңында құлшылық етіп тұр.

16 сәуір күні түнде Франция ішкі істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Лорна Нуньес өрттің беті қайтқанын хабарлады. «Ғимарат құрылымын жойылудан аман алып қалдық. Дегенмен өрт сөндірушілер таңға дейін жұмыс істейді» деді ол.

Шіркеу төбесінің үштен бірі құлағанына қарамастан, ғимарат конструкциясының негізі бөлігі аман қалған.

Өрт шыққан кезден бастап шіркеу маңында жүрген Франция президенті Эммануэль Макрон шіркеуді қайта қалыпқа келтіретінін айтты. Ол ғимарат реставрациясын жүргізуге қаржы жинау үшін халықаралық кампания жүргізуге уәде етті. Президент өртті «сұмдық трагедия» деп атағанымен, «бұдан да ауыр болуы мүмкін жағдайдың алдын ала алдық» деді.

Нотр-Дам де Пари шіркеуінде Франция тарихында ең елеулі оқиғалар болған. Мұнда 1302 жылы Францияның алғашқы парламенті құрылып, 1572 жылы Маргарита де Валуа мен болашақ король төртінші Генрих некелескен, 1804 жылы Наполеон Бонапартқа француз императоры ретінде тәж кигізу рәсімі өткен.

Azattyq