Маңғыстауда басқарма төрағасының қызметкерін зорлағаны рас па? Полиция жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Маңғыстау облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Рамазан Саттыбаев өзінің қоластындағы әйелге сексуалдық алымсақтық жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы саяси сарапшы Ербол Еділов Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Кей дереккөздің мәліметінше, Маңғыстау облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Рамазан Саттыбаевтың үстінен өзіне бағынышты ұйымда жұмыс істейтін әйелден Маңғыстау облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне «сексуалдық алымсақтық» туралы шағым түскен. Ол облыстық полиция департаментіне жіберіліпті», — деп жазды Еділов.

Алайда Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер бұл оқиғаны жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желіде мұндай ақпараттың тарап жатқаны рас. Бірақ бұл іс факті ретінде тіркелген жоқ. Яғни таралып жатқан ақпарат жалған», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллақызы.
 



stan.kz