Димаш пен Мария Мудряк: Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты
Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қатысып жатыр
Мерекелік концертте қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген де өнер көрсетеді. Кеше ол ән айту үшін Ташкентке арнайы барған еді.
Кеш жүргізушілері – отандық өнер жұлдыздары Тәуекел Мүслім мен Кәмшат Жолдыбаева.
Айта кетсек, 14 сәуір күні Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Ташкентке барған еді.
sputniknews.kz