«Біртүрлі»: Керімбекова қыз ұзатқан Айдар Тұрғанбекті сынға алды — Қазақстан жаңалықтары

0

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатқанына әріптестері де көз үйрете алмай жүр. Мәселен, Ақбота Керімбекова ер азаматтың қызды шығарып салғаны ерсі көрінеді, дейді. Ал Мақсат Базарбаев бұл пікірмен келіспейді. 

"Біртүрлі": Керімбекова қыз ұзатқан Айдар Тұрғанбекті сынға алдыБұл туралы Stan.kz «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Білмеймін, біртүрлі сияқты. Мен бірақ көрмедім. Не нәрсеге болса да көз үйренеді ғой. 1-2 рет көрген соң үйренеді. Ғаламторды ашып қалғанда басында «не сұмдық?» деген нәрселерге көре-көре көз үйреніп жатыр. Дәл қазіргі көзқарасымда біртүрлі, әрине. Оған да үйренетін шығармыз», — дейді Ақбота.

Ал Мақсат Базарбаев мұнымен келіспейді. Оның пікірінше, қарындастарына өсиет айтып, шығарып салуды көздеген Айдардың әрекетінде ағаттық жоқ.

«Ұзата ма, ұзата берсін. Ол — өнер адамы ғой, халықтың алдында жүрген азамат. Көшеден келіп, біреу ұзатып жатқан жоқ. Мұнысы дұрыс емес деп ақыл айтатындай қатты ақылды адам емеспін. Өзіме жететін ақылым бар», — дейді ол. 

stan.kz