Джером Сэлинджер | өмірбаяны

0

Джером Дэвид Сэлинджер (ағлш. Jerome David Salinger [ˈsælɪndʒәr]; 1 қаңтар 1919, Нью-Йорк — 27 қаңтар, 2010, Корниш, Нью-Гэмпшир) — американдық жазушы. «The Catcher in the Rye» атты романымен оқырман қауымға белгілі. 

Сэлинджер Соломон Сэлинджер атты көтерме саудамен айналысатын саудагердің отбасында дүниеге келді. Әкесі оған жоғары сапалы оқу беру мақсатымен, оны Вэлли-Фордж қаласындағы әскери мектепке берді. Сол жерде ол алғаш шығармаларын жаза бастайды. Мектепті бітірген соң, ол Нью-Йорк университетінде, Урсинус-колледжде, Колумбиялық университетінде білім алады. Соған қарамастан, ол жоғары оқу орындарының ешқайсын толық аяқтамайды. 1942 жылы Сэлинджер армия қатарына қосылады. Кейінрек, сержант атағын алып Нормандиядағы десант операциясына қатысады. Сонымен қатар, бірнене концлагерьлердің босатылуына қатысқан.

Сэлинджердің ең танымал шығармаларының бірі 1951 жылы басылды. Романдағы Холден Колфил аты жас кейіпкердің образы көптеген оқырмандардың(әсіресе жас буынның) көңілінен шықты. Бас кейіпкер өзінің ой-толғануларымен және әрекеттерімен қоршаған ортаға қарсы шыққандай болады. Әйтсе де, бірнеше елдерде және штаттарда лексиканың құрамына және т.б. себептерге байланысты кітапқа тиым салынады.

Өмірінің соңына қарай Д.Сэлинджер дарашыл өмір түріне көшеді. Ол келесі жазған кітаптарын жарияламай, интервью бермей сопылықты ұстанады. Атақты жазушы 91 жасында 2010 жылы дүниеден өтеді.