Шетелдегі қазақтарды көшіру назардан тыс қалмайды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, ардагерлер, бизнесмендер және жастармен кездесуде шетелдегі қазақтар жайлы пікір білдірді.

12 сәуірде өткен жиында Тоқаев «Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру — біздің қасиетті парызымыз» деді.

Ресми есеп бойынша, 1991 жылдан бері Қазақстанға шет елдерден миллионнан астам адам қоныс аударған, олардың басым бөлігі – этникалық қазақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, Қазақстанға 2011 жылы – 47 112 қазақ, 2012 жылы – 39 401 қазақ, 2013 жылды шамамен 22 мың қазақ көшіп келген. Соңғы уақытта сарапшылар Қазақстанға шетелден көшіп келетін қазақтардың саны азайғанын жиі айтып жүр.

Қазақстан президенті Тоқаев 11 сәуірде жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барған. Ол 14-15 сәуірде Өзбекстанға ресми сапар жасайды.

Azattyq