Қарағандыда экс-полицей қыз зорлағаны үшін 8 жылға сотталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Балқашта қыз зорлағаны үшін экс-полицей 8 жылға сотталды. Онымен бірге тағы үш азамат бас бостанлығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі.  

Қарағандыда экс-полицей қыз зорлағаны үшін 8 жылға сотталды

Оқиға 2018 жылдың мамыр айында болды. АҚШ-та жұмыс істеп келген қыз Балқаштағы үйіне оралады. Шетелге қайта аттанар алдында достарымен көңіл көтермек болады. Олар түнгі клубта көңіл көтереді. Төрт ер адам Гауһардың түнгі клубтан шыққанын күтіп, сыртта отырады.

«Төрт азамат түнгі клубқа келеді. Оларды күзетшілер кіргізбейді. Менің қызымды сол кезде байқап, сыртққа күткен секілді. Олар клуб сыртында отырып, көлігінде ішімдік ішкен. Қызым түнгі уақытта үйге қайтпақ болып шыққанда, оны төрт жігіттің бірі күштеп көлігіне отырғызбақ болады. Ол полицей жігіттің өзі. Оны кейін видео арқылы дәлелдеді. Бұл оқиға клуб күзетшілері мен әкімшісінің көз алдында болды. Қызым айқайлағандықтан оны қоя берді. Гауһар қашып бара жатқанда, соңынан көлікпен қуып жеткен», — дейді әкесі Ерлан.

Гауһарды төрт жігіт ұрып-соғып, өзен жағасына апарып зорлайды. Ойына келгенін істеп, мазақ етеді. Гауһар тек таңға жуық қолына тиген киімін киіп, қаланың жарығы көрінген жаққа жалаңаяқ жүріп жеткен.

Қалаға жеткен соң әкесіне қоңырау соғып, мән-жайлы айтады. Әкесі дереу полицияға хабарлайды. Гауһарды сол күні кешкілік сараптамаға жібереді.

Арыз жазылған соң бір қылмыскер келіп, кінәні өз мойнына алады. Одан кейін ертесінде екі жігіт келіп, кінәсін мойындайды.

Дәрігерлер қыздың бас ми жарақатын алғанын, сүйек сынығын, бет-жүзінің ісігенін жазады.

«Мен бастапқыда іске полицейдің қатысы бар екенін білген жоқпын. Полицейлер үшінші күні айыпталушылардан жауап алды. Полицейді қамауға алған жоқ. Ол органнан өз еркімен кетіп қалған. Полицейлер іске қатысы барын бірінші күннен бастап білген секілді», — деді қыздың әкесі.

Экс-полицей қызды қорғамақ болғанын айтып ақталды. Оқиға болған жерден ерте кетіп қалғанын жеткізді. Екеуі көлікте ұйықтағандарын айтқан. Арасындағы бір жігіт қана кінәні мойнына алады. Тергеуді Балқаш пен Қарағанды полицейлері жүргізді.

Сот үкімімен төрт жігіт те 8 жылға сотталды. Гауһар өмірін қайта бастау үшін АҚШ-қа аттанып кетті.

stan.kz