ОСК президенттікке кандидат ұсына алатын партияның бірін таппай отыр — Қазақстан жаңалықтары
Орталық сайлау комиссиясы 7 партия мен 5 республикалық қоғамдық бірлестік президеттікке кандидатура ұсынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Шамамен смета мөлшерін есептегенде біз бәрін артығымен есептеп шықтық. Президенттікке кандидаттардың шығынын есептедік. ОСК қанша кандидат болатынын білмейді. Кандидаттарын ұсынуға құқылы тіркелген 7 партия мен 5 республикалық қоғамдық бірлестік бар. Әзірге нақты анықталмады. Саяси партиялардың қызметін зерттеп жатырмыз. Қоғамдық бірлестіктер қатыстандарын мәлімдей бастады. Ең соңында сан қандай болатынын айта алмаймын. ОСК есептеуінше, тіркелген 7 саяси партия және 5 республикалық қоғамдық бірлестік бар. Қалай болатынын өзіміз де білмейміз», — деп сөзін түйіндеді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина кулуарда.
ОСК хатшысы Зәуреш Баймолдина болса бір партияның бар-жоғы белгісіз екенін жеткізді.
«Қазіргі таңда Әділет министрлігінің мәліметінше, елімізде 7 саяси партия тіркелген. Бірақ осында 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатымын және 7-ші партия белгісіз болып отыр. Оларға хат жіберіп жатырмыз, бірақ оған ешқандай жауап жоқ. Қандай шарамызға шақырсақ та сол саяси партияның өкілдері қатысқан емес», — деп айтты Баймолдина.
Қазақстанда 6 белсенді партия бар. Олар — «Нұр-Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Ауыл», «Бірлік», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы».
stan.kz