Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді оқытудың заңдылықтары |

0






Әскери қызметшілерді оқыту заңдылықты және диалектілі дамушы үрдіс болып табылады. Онда қоғамдық дамудың, адамдардың танымдық қызметінің заңы мен заңдылықтары және тұлға психологиясы, философиясы, қоғамтануы, физиономиясы дамиды. Дегенмең оның құрамында қоғамдық өмірдің және әскери істің әр-түрлі үрдістерімен немесе педагогикалық үрдістердің (тәрбиелеу, даму, психологиялық дайындық) басқа да құрамаларымен байланысты өзіне тән заңдылықтар бар. Дегенмең әскери қызметшінің оқу үрдісіндегі заңдылықтар басқа ғылымдардан алынған тұжырымдамаларға сәйкес, бірақ дидактика мәселелерінеорайластырылыпқарастырылған.Олардидактикаболып саналады және де әскери дидактика құрамына кіреді, өйткені әскери қызметшілерді оқыту барысында ішкі байланыстарды сипаттайды. Оқу заңдылықтары, белгілі бір жағдайдағы заңды іс-шаралардың (шаралар арасындағы байланыстарды шешетін, бірақ, заң секілді қатаң емес бекітпелер) объективті, маңызды және қайталанатын оқу үрдісі жиынтықтары мен құрылымдары арасындағы байланысы.
Дидактикадағы «заңдылық» үрдісінің ерекшелігі оның шамалы деңгейдегі оқу үрдістері жиынтығының байланысында. Олардың бір бөлігі қандай жағдайда болмасың жарамды күйде болады, мысалы, әскери қызметшілерді оқытудың мақсаты мен құрылымы мемлекеттің, Қарулы Күштердің әскери қызметші дайындық деңгейіне деген талаптарына сай болады.
Заңдылықтардың негізгі бөлімі тұжырымдама түрінде жүзеге асады, яғни кейбір жағдайлардағы статистикалық қатарларда. Бұл барлық қоғамдық үрдістермен бірге оқу үрдісіне де қатысты, өйткені, ол көптеген факторларға байланысты: аталмыш үрдіс құрамындағылардың іс-шаралары; қоғамдық, экономикалық, мәдени, материалдық және т.б. жағдайлар. Заңдылықтардың көбісі епті әрі эмпирикалық жолмен анықталуы мүмкін. Дегенмен, әскери қызметшілерді оқытудың жоғары дәрежесіне жетуде Қарулы Күштерде бірқатар қиындықтар бар. Дегенмең офицерлерге, командирлерге, әскери оқытушыға оқу үрдісінің заңдылықтары туралы теориялық білім керек.
Олар әртүрлі жағдайларға сай объективті (оқу үрдісіне оның мағынасы жағынан сәйкес келетін) және субъективті (оқу үрдісі құрамындағылардың ісіне байланысты), сыртқы және ішкі, жалпы және жеке бөлімдерден тұрады. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық үрдістермен және жағ-дайлармең қоғамдық-экономикалық, саяси жағдайлармең белгілі бір тұлға білімінің деңгейіндегі қоғамдық сұранысымен байланысын сипаттайды. Оқыту үрдісінің ішкі заңдылықтарына оның жиынтықтары (мақсаттары, құрылымы, әдісі, тәсілі, түрі және т.б.) арасындағы байланыс жатады. Басқаша айтқанда, ол — білім беру, білім алу және оқу материалы арасындағы байланыс.
Оқыту үрдісінде жүзеге асатын жұмыстар, жалпы және жеке (бел-гілі) болып та бөлінеді. Үрдістердің барлығын қамтитын заңдылық-тар жалпы заңдылықтар деп аталады, ал тек белгілі бір компонентті қамтитын заңдылықтар жеке (арнайы) заңдылықтар деп аталады.
Жалпы заңдылықтарға мыналар жатады:
• оқыту мақсатының заңдылығы (оқыту мақсаты Қарулы Күштердің дамуына; олардың сұранысы мен мүмкіндігіне; даму деңгейі мен әскери педагогикалық ғылымның және практиканың мүмкіндіктеріне байланысты);
• оқыту құрамының заңдылығы (оқыту үрдісінің құрамы қоғамдық сұраныстармен және оқыту мақсатымен; қоғамдық және ғылыми, технологиялық прогресс темпімең оқушылардың жеке мүмкіндіктерімен; оқу орнының, бөлімнің (кеменің) материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен сипатталады);
• оқыту сапасының заңдылықтары (әрбір оқытудың жаңа сатысы оқытылып жатқан материалдың түрі мен көлеміне; оқытушылардың педагогикалық әсеріне; оқыту уақыты мен жемісті нәтижесіне байланысты);
• оқыту әдісінің заңдыл ықтары (дидактикалық әдістің ыңғайлыл ығы тәсілдерді қолданудағы; оқыту мақсатындағы; оқытушылардың мүмкіндіктеріндегі; материалдық техниканың қамтамасыз етілуіндегі оқу үрдісінің ұйымдастырылуындағы білім, өрбіту және икемнің байланысымен сипатталады);
• басқаруды оқытудың заңдылықтары (оқытудың жемісті нәтижелілігі оқу барысындағы қарым-қатынастың жылдамдығына; түзеуші әсерлермен ара-қатынастың негізділігіне байланысты).
• Оқыту үрдісінің арнайы заңдылықтары ретінде дидактикалық, гносеологиялық, психологиялық, кибернетикалық, қоғамдық және ұйымдық заңдылықтарын келтірсек болады.
Әскери қызметшілерді оқыту үрдісінің арнайы заңдылықтары:
• дидактиканың өзі (оқыту үрдісінің дидактикалық құрамды-процессуалды сипатын қарастырады); • оқу-танымдық (әскери қызметшілердің танымдық ерекшеліктерін анықтайды);
жеке психологиялық және қоғамдық психологиялық салалардан тұратын психологиялық түр (оқыту барысындағы жеке және жалпы үрдістердің әскери үжым мен әскери қызметшінің қызметіне әсері);
ұйымшылдық (оқу үрдісі оны басқарумең ұйымдастырумең командирлер, бастықтар, оқытушылар қызметімен байланысты). Дидактикалық заңдылықтарға мыналар жатады:
1. әскери қызметшілерді оқыту үрдісінің қорытындысы оның жалғасына пропорционалды болып келеді (ол ұзақ болған сайың оның қорытындысы да жемісті болады);
2. олар әскери қызметшілерді оқыту мақсатының дәрежесіне де пропорционалды болып келеді (оқу мағынасын түсінгендер ғана жоғары нәтижеге жетеді);
3. оқыту нәтижесі әскери қызметшілерді оқу-әскери, әскери-кәсіптік қызметтерге баулуға байланысты (әскери қызметші аталмыш қызметті қаншалықты белсенді орындаса, осы салада оның даму деңгейі соншалықты жоғары болады);
4. әскери қызметшілерді оқыту нәтижесі қолданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты (қорытынды шығару үшін оқу түрі мен әдісінің қосындысы);
5. дайындық нәтижесінің жемістігі әскери қызметшінің оқу, қызмет және әскери кәсіп мәселелерінің шешілуіне байланысты;
6. оқу үрдісінің нәтижесі әскери оқытушының педагогикалық шеберлігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты. Офицерлер (оқытушылар) қолданылатын бірдей жүйелер, технологиялар, оқыту әдістері әртүрлі нәтижелерге әкеледі. Педагогикалық шеберлігі мен кәсіптік қабілеттерінің деңгейі жоғары оқытушылар жоғары нәтижелерге жетеді.
Кейбір оқу-танымдық заңдылықтар: 1. Жеке психологиялық:
1) оқыту нәтижесі әскери қызметшінің оқуға деген қызығушылығына, оның жеке қабілетіне байланысты;
2) оқыту нәтижесі әскери қызметші мүмкіндігіне және оқу мүмкіндіктеріне байланысты;
3) белгілі бір материалдың меңгерілуі әрбір әскери қызметшінің қабілетіне байланысты;
4) оқу, ой, физикалық және оқыту қызметі оның іске асуымен сипатталады; 5) оқыту нәтижесінің жоғары деңгейлі болуы әскери қызметшінің ойлау деңгейіне және интеллектісіне байланысты;
6) қызмет нәтижелілігі икемділік пен дамытудың қалыптасуына байланысты.
2. Қоғамдық-психологиялық:
1) әскери қызметшінің даму үрдісі оның бірге қызмет ететін адамдардың даму деңгейіне байланысты болады;
2) оқу үрдісінің жоғары нәтижелілігі әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасына байланысты;
3) оқу үрдісінің ыңғайлы болуы әскери ұжымның интеллект деңгейімен сипатталады;
4) оқу үрдісінің ыңғайлы қолданылуы әскери қызметшілер арасындағы сайыс кезінде өз мәресіне жетеді;
5) оқыту үрдісі оқытушының оқушылармен қарым-қатынасына байланысты; дидактогения (оқытушының оқушыға деген қатаң көзқарасы) жалпы топ немесе бір әскери қызметші оқу деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады.
3. Ұйымдық заңдылықтар:
1. оқыту үрдісінің сапасы оны басқаруға тікелей байланысты;
2. оқыту үрдісінің нәтижелілігі оны ұйымдастыруға байланысты;
3. дайындық сапасы бақылауға байланысты;
4. оқыту үрдісі оқытушы мен оқушының еңбекқорлығына байланысты;
5. басқару үрдісі басқару мәліметінің саны мен сапасына тікелей байланысты;
6. оқыту үрдісі оқытушы мен оқушының қарым-қатынасына байланысты;
7. оқыту үрдісінің нәтижесі педагогикалық еңбектің ұйымдастырылуымен сипатталады.
Қазіргі кездегі әскери қызметшілерді оқыту үрдісінің дамуындағы басты заңдылық тәрбиелеу, даму және психологиялық дайындық деңгейінің дамуы болып табылады. Бұл заңдылық қазіргі кездегі әскери ұжымның әскери қызметшіге деген талаптарында; қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етілетін әскери шеберлікте сипатталады. Күрделі әскери ұрыс шеберлігін меңгеру жоғары дәрежедегі түсінушілік жағдайында және әскери қызметшінің психологиялық дайындығы жағдайында ғана іске асады.
Аталмыш заңдылықтар дидактика түрінде бір-бірімен байла-нысқан әртүрлі факторлар мен жағдайлар жиынтығының арасынан көріне отырып, олар бірін бірі толықтырады. Бұлардың бәрі, әрине, әскери қызметшілер оқуын қиындатады. Сондықтаң заңдылықтарды есепке алу оқытушы-офицерге көмегін тигізеді. Осының арқасында, бағыныштылармен бірге қызмет атқарылады.
Әскери қызметшілерді оқыту үрдісінің негізгі күші — оның қарама-қайшылығы. Олардың негізгі түрлері:
• бекітілген талаптардың, оқушының педагогикалық іс-шарасының және белгілі бір дәреженің, белгілі бір уақыттың, әскери оқу орны оқушысыныңсабақберудәрежесінің.курсанттыңдайындықдеңгейінің арасындағы қарама-қайшылықтар;
• жаңа заманғы үрыс талаптары мен оның сабақтағы және оқудағы түрлендірудің арасындағы; жаңа заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеру мен оның ыңғайлылығы арасындағы қарама-қайшылықтар;
• әскери қызметшіде пайда болатын қарама-қайшылықтар. Оқыту үрдісінде бүдан басқа да қарама-қайшылықтар бар, олар:
оқытуменоқуарасындағы;жекежәнеүжымдықдайындықарасындағы; теориялық және практикалық оқу жүмысы арасындағы; алдын ала оқытылған және оқытылып жатқан материалдар арасындағы; оқу таналымдық және ғылыми білім арасындағы; білім мен дамытудың, дағдының қалыптасуы арасындағы қарама-қайшылықтар.
Әскери қызметшілер, оқыту үрдісінің қүрамындағылар біріге оты-рып, аталмыш қарама-қайшылықтарды шешуі тиіс. Бүл жерде атал-мыш үрдістің диалектикасы ескерілуі керек, себебі, қарама-қайшы-лықтар басқа салаларда пайда болуы мүмкін және оны қайта шешу керек болады. Міне, оқыту біткенше, осылайша қайталана береді.
Аталмыш заңдылықтар мен олардағы қарама-қайшылықтарды шешудегі офицерлердің (әскери педагогтардың) оқыту әдісің түрің тәсілін және құралын дүрыс таңдауының арқасында әскери қызметшілердің әскери-кәсіптік дайындығы іске асады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!