We can speak English слайд,презентация — Шет тілі
We can speak English слайд,презентация
Мақсаты: Екеуара сөйлеу, жазу, оқу дағдысын қалап, тілдің алғашқы сатысын үйрену кезінде тілге деген қызығушылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Оқушыларды жас ерекшеліктерін сай ойын элементтері арқылы интелектуалды жетілдіру, қабілетін дамыту, ана тілін құрметтей отыра, ағылшын тілі мен мәдениетіне мұқият көңіл бөліп, оқу мен біліміне қызығушылығын арттыру;
МІНДЕТТЕРІ: а) сұраққа еркін ,әрі тез жауап беруге жаттықтыру, өтілген тақырыптарды
меңгергендігін тексеру;
ә) эстетикалық талғамын өсіру;
б) шағын диалог құрай білуге үйрету,сөздік қорын молайту.
-балалар бүгінгі ерекше сабағымыздың қонағы Тіл мырза бізге ағылшын сөздерін үйретпекші екен. Ол үшін біз оның қолындағы кітабындағы тапсырмалар ды орындауымыз керек.
І тапсырма: Сұрақ — жауап.
Оқушылар сұраққа толық жауап қайырулары тиіс.
-What is your name?
-What is your surname?
-How old are you?
-Which class are you in?
-Where are you from?
-Where are you from in Kazakhstan?
-Who is your class teacher?
-Who is your Russian teacher?
-Who is your English teacher?