Азаттықты аңсаған Алаш азаматтары слайд, презентация — Тарих
Азаттықты аңсаған Алаш азаматтары слайд, презентация
“Алаш”туы астында
Куә болсын арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын!!!
С.Торайғыров.
1917 жылы 5-13 желтоқсан Орынборда ІІ-Жалпықазақ съезі
өткізілді. Съезде Б.Құлманов және орынбасарлары Ә.Бөкейханов,
А.Кенесарин, Х.Досмұхамедов, О.Қарашевтың төрағалық етуімен
“Алашорда” үкіметі құрылды. Алашорданың орталығы-Семей
қаласы, халық Кеңесін (үкіметін)-Ә.Бөкейханов басқарды.
Съезден кейін “Алашорда” автономиясының Батыс бөлімі-
Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар басқарған “Ойыл
уалаяты” құрылды.
«Алаштың» басты мақсаты — қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді… Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады».