Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………….
Негізгі бөлім
І. Жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі ретінде
1.1 Жеке тұлға ұғымы …………………………………………….
ІІ. Азаматтардың құқықтық және әрекеттік қабілеттілігі
2.1. Азаматтардың құқықтық қабілеттіліктері …………………………..
2.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ………………………………..
Қорытынды …………………………………………………
Пайланылған әдебиеттер тізімі ………………………………….
Қосымша …………………………………………………………
1.1 Жеке тұлға ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып табылады. Егер Азаматтық кодесте өзгеше белгіленбесе, бұл тараудың ережелері барлық жеке тұлғаларға қолданылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Ааматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу шарты және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 2001 жылғы 10 қарашадағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т.б. бар.
«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» туралы Жарлыққы сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы).
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және қатал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі.
2.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субьектілердің бірі – азматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттіліг арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық кодестің 13-ші бабына сәйкес, азматтық құқық қабілеттіліг дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. [1].
Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз: Қазақстан республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Азаматтың есімі: азамат тегі мен есімін, сондай-ақ, қалауы бойынша — әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады; заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. [2].
Яғни, баланың туу тегін белгілеу төменгі жағдайдағыдай жүзеге асады:
1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.
2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата-ансының неке туралы жазбасымен куәландырады.
3. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі осы баптың 4-тармағында немесе “ҚР-ның Неке және отбасы туралы” заңның 47-бабында көзделген ережелер бойынша белгіленеді.
4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін боламаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айрылған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда – сот шешімімен белгіленеді. [3].
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды; азамат өзінің борышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді; есімін өзегрткен азамат өзінің бұрынғы есіміне рәсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы; басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді; азамат өз есімі оның келісімінсіз пайланылған жағдайда, оған тиым салынуын талап етуге құқылы; азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян АК-тің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.
Азаматтың есімі оның абыройына, қадір — қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда АК-тің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады. [2].
Заңдар бойынша азматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекн оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады. [4].
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол – азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейтесті мәселелерінің бірі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тұратын жеріне және т.б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азматтарына теңдей мойындалады.
Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азамттық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жынысына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық кодекстің (негізгі бөлім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.
Азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына тоқталатын болса, ол жайында Азаматтық кодекстің 14-бабында айқын көрсетілген. Азамат меншік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға қалдыруға, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тиым салынбаған кез-келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. Сөйтіп, азаматтардың құқық қабілеттіліктерінің орнын қанша тізбелеп жазсақ та, шегіне жету мүмкін емес, өйткені бұл тек азаматтық құқық салаларының шеңберімен ғана анықталып қоймайды, басқа да құқық салаларының өзекті мәселелерінің біріне айналып жатады. Мәселен, конституциялық, әкімшілік, неке және т.б.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан, оған шек қоюға болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық құқық қабілеттілігіне шек қойылуы мүмкін, егер азамат сот үкімі бойынша жасаған қылмысы үшін мемлекет тарапынан жаза алатын болса. Мысалы, азамат бас бостандығынан айырылатын болса, онда оның қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруына тиым салынуы мүмкін. Алайда, азамат жекелеген субьективті құқықтарынан ғана айырылуы мүмкін. Ал тұтастай алғанда азамат құқық қабілеттілігінен ажырамайды. Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігігінен толық немесе ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігіг немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер жарамсыз деп танылады (АК-тің 18-бабы).
2.1. Азаматтың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігің екінші элементі болып табылғандықтан оған төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық кодекстің 17-ші бабы).
Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емес, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтың толық әрекет қабілеттіліг кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни он сегіз жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында он сегізге толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Он сегіз жасқа толғаннан …….