Қазақша реферат: Әскери қызметшінің жеке тұлғалық мәдениетінің мәні

0






Мәдениет қоғамдық құбылыс, ол жеке-дара мәнге ие емес. Ол қатынас арқылы, әрекеттестік арқылы көрінеді беріледі және өз кезегінде оған әсер етеді. Мәдениет өзара бөлінетін бірқатар функциялардан турады:
— адами-творчестволық, қоғамда тұлғаның белгілі бір типін қалыптастыру және даму қажеттілігінен туындап, оның азамат туралы армандарына сәйкес болады;
— Қоғамда әрбір адамның табысты бейімделуі қажеттілігімен және адамдардың өзара қатынастарымен ережелердің жүйелері, әдеттері және нормаларды меңгеруі арқылы басқарумен анықталады.
Адамның туылған кезеңінен бастап әлеуметтену үрдісі басталады. Яғни, барлық қоғамдық тәжірибе байлықтарын меңгеру үрдісі, материалдық және рухани мәдениеттің жетістіктері. Мұнда әлеуметтік институттар белсенді қатысады: жанұя, мектеп, бұқара-лық ақпарат құралдары және т.б. Қоғам өз институты арқылы, мәдениет құралдарының барлығын қолданып, тұлғаны өз білгенін-ше өз бейнесіне ұқсас етеді. Бұл әрбір адам өзіне бөлінген мәде-ниетжүгін меңгеріп болып, өзінің әлеуметтік белсенді өміріне келетін үрдісін білдіреді. Қоғамдық энергия адамға дейін жетіп, оның өзіне меншіктеліп қайта құрылады. Сондықтан ол тек қана социум «енімі» болып қана қоймай, сонымен қатар оған қарсы сөйлеуші, оның құрылысының белсенді субъектісі болады. Ол бұл қоғамның тек сақтау күші ғана емес, сонымен қатар оны езгертуді көздейді. Тұлғаның езара қатынасында және қоғамда шешуші релді адамға міндеттейді.
Бұл күрделі әлеуметтік үрдісте тұлға бір уақытта нысан болып және мәдениет қызметінің субъектісі болып келеді. Мәдениет адамды оның езі болуға үндейді. Ал нақтылы бір адамның мәдениеті оның дүниетануында, идеялы позицияларында, сезімдері және қылықтарында көрінеді.
Қызметтің кез келген түрімен жемісті шүғылдану үшің кәсіпшілік және қоғамдық сфераға қажетті білімдер және дағдыларды игерген және жалпы әлеуметтік мәнді мақсаттарға жету үшін қызметтің басқа субъектілерімен оларды нәтижелі іске асырудың ебін білетін жоғары мәдениетті болу қажет. Мүнда өзара қатынастардың мәдениеті жете білушілік түсінігімен анықталады.
Барлық мәдениетті нақтылықтар, сонымен қатар қоғам да адамның ойлап айтылған мінез-қүлықтарынан туады. Мәдениет -динамикалық әлеуметтік құбылыс, ол қоғамдық даму барысында және адамдардың әрекеттестіктері кезінде байытылады және түрі өзгереді. Бірақ сонымен қатар нақты мәдениет және оның нақтылы түлғамен игеруі дәрежесі және қоғамда нығаюы, әлеуметтік өмірде негативтік көрінулерге қарсы түруға мүмкіндік беретін және сын дәуірлерде оларды жеңіп кетуге мүмкіндік беретін ішкі тірегі.
Әскери мәдениет — жалпы адамзаттық мәдениеттің көп жақтарының бірі. Материалдық және рухани мәдениет саласында адамзат жетістіктерін және өз халқының жетістіктерін өзінде үйлестіріп, оларды әскери қызметте қолдануын айқындайды. Сондықтан әскери қызметші жалпы мәдени құндылықтарды сіңіріп алса, оған оны командирлермен және жолдастарымен өзара ара-қатынастарында және әскери қызмет барысында қолдануы, түсінуі жеңілірек болады.
Әскери қызметшінің мінез-құлқына бір жағынан құқықтық нормалар, ережелер, заңдар, әскери жарғылар, бұйрықтар және командирлер (бастықтар) және басшылардың бұйрықтары әсер етеді, екінші жағынан адамгершілік талаптарын, ықпалын жасаудың әртүрлі механизмдеріне ие болуы ықпал етеді. Командирлердің құқықтық нормалары және бұйрықтары міндетті, оларды бұзудың соңы қылмыстық жауапкершілікке тартылуға себеп болуы мүмкін. Арнайы органдардың (әскери соттар, прокуратура, комендатура және т.б.) міндеттеріне әскери қызметшілер тарапынан құқықтық нормаларды бақылау және қажеттілік болғанда сәйкес мәжбүрлік санкцияларды қолдану кіреді.
Адамның мәдениетті дамуында адамгершілік ерекше орынға ие болады, олар қүндылық бағдарларды бейнелейді және мінез-құлық-ты реттейді. Адамгершілік нормалардың міндетті статусы болмайды және олардың сақталуы тұлғаның өзінің тәрбиелілігіне тәуелді болады. Бүл нормаларды бүзушыға әсер ететін негізгі құралы — қоғамдық пікірлер күші: кінәлау, ұялту, қоғамдық айыптаушылық. Адамгершілік ережелерді сақтауы олардың қажеттілігінде және толық бағындыруда, еріксіз көндіруін емес, түсінуін негіздейді. Сондықтан әскёри қызметшілер тарапынан меңгерілген адамгершілік бағдарлардың тұлғалық жүйесі оны адамдық қоғамда өмір сүру қабілеттілігі тұрғысынан сипаттайды. Әскери қызмет шарттарында адамгершілік нормалары әскери әдептану талаптарында айқындалған. Ол әскери қызметшілер өмірінің барлық жақтарының тәртібін белгілеудің жоғары дәрежесін белгілейді. Оның негізгі ёрекшеліктері мынада: көптеген этикалық жайлар әскери жарғыларда және бұйрықтарда құқықтық тұрғыда бекітіледі, сондықтан олардың орындалуы адамгершілік және құқықтық құралдармен қамтамасыз етіледі. Әскери қызмет шарттарында, жауынгерлік шарттарда қорқақтықтың көрінуі, соғыс даласынан қашып кетуі жазықты әскери қызметшілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға алып келеді. Бұл құбылыстың маңызын қарастырғанда заңды түрде сұрақ туындайды: «Қандай әскери қызметшіні мәдениетті деп атауға болады?». Бір жағынан, белгіленген адамгершілік нормалар және талаптарды орындағандар. Екіншіден, мінез-құлық ережелері мен нормаларын орындауды қорқытатын жазалайтын өлшемдерді тұрақты қолдану әсерімен де жасауға болады. Немесе, мысалы, тек қана әдептілік нормаларын — мәдениетті мінез-құлықтың сыртқы пішінін, мұнымен қатар басқа адамдарға қарағанда эгоизмдік, ал тіпті қатал болуымен ұстануға болады. Бұған дүниежүзі тарихынан көптеген мысал келтіруге болады. Мәдениетте адамның арманға ұмтылуы көрінеді, әскери қызметшінің ішкі және сыртқы қатынастарында білінетін биік идеалға ұмтылуы аңғарылады. Адамда барлығы керемет болуы тиіс: жаны да, денесі де, ойлары да және сыртқы кейпі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, бәрі-бәрі. Ішкі сұлулық деген тұлғаның рухани байлығы, білімдері және сезімдердің және т.б. ал сыртқы — күнделікті қызмет кезінде олардың көріну деңгейі. Әскери қызметші тұлғасының мәдениеті білімдердің, тілектердің және ұмтылыстың және оны іс жүзінде жүзеге асыру бірлігінде қалыптасады және дамиды. Әскери қызметшінің тұлғалық мәдениеті құрылысын құрастыру-шылардың когнитивті, эмотивті және аспаптық (мінез-құлықтық) жиынтығы сияқты бейнелеуге болады. Когнитивті құрастырушы — дүниетану, сенімдер және қоршаған әлем туралы адам білімдерінің, қоғам және өзі туралы білімдері жиынтығы. Когнитивті элемент — тұлғаның рухани мәдениетінің негізі, әлеуметтік институттардың әсері астында саналы және дербес қа-лыптасушы. Оның дамуы жекелік мәдениеттің тезірек қалыптасуына жағдай жасайды және әскери қызметшілердің өзара қатынастарына ықпал етеді.
Эмотивті құрастырушы адамның психикалық қызметінің эмоционалды-еріктік саласын құрастырады, қоршаған әлеуметтік ортаның белсенді әсері астында және тұлғаның өзінің әсерімен қалыптасады. Ол тұлғаның сондай мінездемелерің сезімдерің әсерің ұнататын және ұнатпайтын нәрсесің сонымен қатар ұғыну дәрежесі, қабылдау және мақсатқа жетуге ұмтылушылықты қамтиды. Білімділік және тілек жеке адамды жоғары мәдениетті етіп қалыптастыруға аздьіқ етеді. Сондықтан үшінші элемент — мінез-құлық керек. Ол адам күнделікті қызметінде мәдениет талаптарын қаншалықты орындайтынын және ұмтылатынын сипаттайды. Нақ-тылы өзін мәдениетті ұстаудың дағдыларымең қабылдауларымең тәсілдерІмең нормаларымен меңгеру дәрежесі адамның мәдениетті-лігі туралы қызмет кез келген түрінде және орындау деңгейінде соңғы нәтижені береді. Әскери педагогикада мәдениет тұлғаның қызметтегі рухани потенциалы ретінде айқын анықталған. Демек, әскери қызметшінің тұлғалық мәдениеті -оның білімдерінің жинағы, сезімдерінің және ұмтылысының, олардың орындалуы бойынша әрекеттерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, әскери қыз-метшілердің әрекеттері әскери әдептану талаптары ұғымдарына және құқықтарына бағынышты болса, егер ішкі құрылымы олардың мінез-құлығымен үйлесімде орналасқан болса, оларды тәрбиелі және мәдениетті деп есептеуге болады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!