Ақтау пластмасса зауыты слайд,презентация

0

Ақтау пластмасса зауыты слайд,презентация

 

Ақтау пластмасса зауыты

 

Ақтау — Қазақстанның  оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. 
Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген. Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы  жалғыз порт болып табылады.
Облыс орталығы – Ақтау қаласы Маңғыстау түбегінің кен байлығы – уран рудасын, мұнайы мен газын игеруге бағдарланған Маңғыстау территориялық-өндірістік комплексі негізінде дүниеге келді.  60-шы жылдардың басында ірі мұнай мен газ кенорындарының ашыл-уына орай Маңғыстау өлкесінің даму қарқыны артып, қаланың масштабы өсті. Қала жарты аралдағы пайдалы қазбаларды игерудің тірек пунктіне, яғни мұнайшылардың астанасына айналды.
70-ші жылдардың ортасында Шевченко қаласы жергілікті шикізат –уранды пайдаланып дүние жүзінде жылдам нейтронды атом реакторымен электр энергиясын және теңіз суын тұщытып ауыз су өндіретін, оны пайдаланатын тұңғыш қала ретінде белгілі болды. Халықаралық архитекторлар одағы қаланың жобасын жасаған авторлар ұжымына күрделі табиғат жағдайында комплексті қала ансамблін жасағандары үшін Патрик Аберкромби атындағы сыйлығын берді. Алтын медальмен марапатталды. Қала КСРО-да көп беріле бермейтін атақ – сәулет және көгалдандыру жөнінен мемлекеттік сыйлық лауреаты атағына ие болды.
Ақтау пластмасса зауыты – мұнай-химия өнімдерін  шығаратын ірі кәсіпорын. Ақтау қаласында  243га аумақты алып жатыр.                      Өндірістік-өнеркәсіптік қызметкерлерінің саны 836 адам. Негізі 1981жылы қаланды. Пластмасса зауыты  аз уақыт ішінде жобада белгіленген қуаттылығы игеріліп, КСРО-дағы полистирал  өндіретін ірі кәсіпорынға айналды. Негізгі өнім – стирол  мен  полистирол өндіріс құрылымының кешені шетелдік «Литвин» (Франция) фирмасымен өтемақылық келісім негізінде жүзеге асты. 1982 жылдан бастап экспортқа жылына 240 мың тонна полистирол шығара бастады. 1992 жылы  зауыт «Ақтау кешенді өндірістік бірлестік» АҚ болып қайта құрылды. 2004 жылы  зауыттың мүліктік кешенін жедел басқару үшін Алматы қаласындағы «SAT Companі» ЖШС сатып алды. 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!