Дәрігерлер қыздың көзінен 4 ара алып шықты: жәндіктер оның жасымен қоректенген

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ауруханаға бірден қаралғанының арқасында қыз көз жанарын сақтап қалған

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Тайвань елінде дәрігерлер науқастың көзінен төрт бірдей ара алып шықты, деп жазады Mirror.

29 жастағы Хэ есімді қыз отбасы мүшелерінің бірінің бейіті басында шөп жұлып жатып, көзінің аши бастағанын сезеді. Ол топырақ қиқымы түскен шығар деп, жанарын жуып жібереді. Алайда кешке қарай көзі одан бетер ашып, ауруханаға барып қаралған.

Тексеру кезінде көз дәрігері микроскоппен Хэнің көзінде жәндіктің аяғына ұқсас бірдеңені байқапты. Дәрігер ақырындап тартып, науқастың көзінен төрт бірдей тірі ара – галиктидтерді алып шығады.

Бұл ара бейіт басында немесе құлаған ағаштарда мекендейді. Адам терлеген кезде, жәндіктерді өзіне тартады. Дәрігерлердің айтуынша, Хэнің басынан өткен жайт әлемде бірінші рет болған. Қыздың жолы болып, көз жанарын сақтап қалыпты.



sputniknews.kz