Қазақстанда тағы да 3 автобус соқтығысты – жантүршігерлік апаттың видеосы шықты
Қысқа сілтеме алу
Жол апатынан ешкім қаза таппаған, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қарағандыда үш автобус соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлады ekaraganda.kz.
Бүгін сағат 14:25-те полицияға Қарағанды-Майқұдық тасжолында ірі жол апаты болғаны туралы хабар түскен.
Алдын ала мәліметке сәйкес, №56 автобустың 61 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолындағы №40 автобусты соққан. Содан кейін №56 автобусты оның артынан келе жатқан екінші бір №56 қоғамдық көлік соққан.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апатынан бірінші №56 автобуста отырған 6 адам жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Жол апатынан ешкім қаза таппаған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 3 автобус соқтығысып, 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмған болатын.
sputniknews.kz