Тоқаев елорда іргесіндегі ауылдағы ауыз су мәселесін шешуді тапсырды — Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың іргесіндегі Қосшы аулындағы ауыз су мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы аулының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема», — деп жазды президент Twitter желісінде.
КТК арнасының мәліметінше, Қосшы аулының тұрғындары бес күннен бері ауыз сусыз отыр. Оған Нұра өзенінің ауыз су ұңғымаларын басып қалуы себеп болыпты. Жергілікті билік жазда су оқшауын жүргізуге уәде еткен. Шенеуніктердің болжамы бойынша, су ұңғымасына тек апта соңында жету мүмкін болады. Сол кезде су деңгейі төмендейді деп болжанып отыр.
stan.kz