Елордада балабақша тәрбиешісінің туберкулезбен ауырғаны анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда жеке балабақшада қызметкердің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Елордада балабақша тәрбиешісінің туберкулезбен ауырғаны анықталды

Елорданың денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, тәрбиеші өздігінен емханаға тексерілген. Бірақ жұмыс орнын жасырып қалған. 

«Қызметкер сол күні туберкулезбен емдейтін диспансерге жатқызылды. Балалар туберкулезге қарсы екпе алғандықтан олардың өміріне қауіп жоқ. Бұл екпенің пайдасын көрсетіп отыр», — дейді елоданың денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Садуақас Байғабылов.

Тәрбиеші балабақшада жұмыс істейтінін жасырған. Оны тәрбиеленушілердің ата-анасы айтты. Балабақшаның өзге қызметкерлері тексеруден өтті. Ешкімнен бұл ауру белгісі байқалған жоқ. 

stan.kz