26-қабаттан құлап түскен бүлдіршін үстін қақты да, кете барды – жантүршігерлік видео
Қысқа сілтеме алу
Қытайда кішкентай қыздың 26-қабаттан құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қытайда 26-қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін қыз аман қалды, деп жазады The Sun.
Басылымның жазуынша, ата-анасы ұйықтап жатқан алты жастағы қызын үйге жалғыз тастап кетеді. Оянған бүлдіршін ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кеткен. Оның жерге қара құлдилаған сәті видеоға түсіп қалды.
Бірақ таңғажайып кадр гараждың ішінде түсірілген – ғимарат шатыры қыздың құлау жылдамдығын азайтып, ол соның арқасында аман қалса керек. Гараждың бақылау камерасындағы жазбада сәби шатырды бұзып түсіп, біраз уақыт жерде жатады да, кейін үсті-басын қағып, ата-анасын әрі қарай іздеп кетеді.
Бүлдіршінді тез арада Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарап шығып, қыз баланың қолы сынғаны болмаса, басқа ешқандай зақым келмегенін айтты.
sputniknews.kz