Ілияс Карға қатысты үкім қайта қаралды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жол апатын жасаған ер адам ақпан айының соңында 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді

АЛМАТЫ, 9 сәуір — Sputnik. Алматы қалалық соты 2018 жылдың соңында жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Ілияс Кардың аппеляциялық шағымын қарап, осыған дейін кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.  

Жол апаты 29 желтоқсанда таң алакеуім уақытта Алматының қақ ортасында болған. Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Mersedes Gelаndеwagen көлігі Mitsubishi Galant-қа барып соқтығысқан.

Жол апатынан үш адам: жекеменшік такси жүргізушісі Қанапия Бақытнұр, актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова қаза болды. Апаттан актриса Айзада Сатыбалдиева ғана тірі қалып, екі ай бойы ауруханада жатты. Ілияс Кар жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен.
Іс материалдарына сүйенсек, ол келесі күні полицияға өзі берілген. Тергеу деректерінде жол апатына кінәлі бір тәуліктен соң ұсталғаны, медициналық сараптама жүргізіліп, оның рөлге арақ ішіп отырғаны анықталғаны айтылады.

Осылайша ақпан айының соңында сот Ілияс Карды жол апатына кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың бұл үкімімен сотталушы да, оның адвокаты да келіспейді. Сотталушының айтуынша, ол спирттік ішімдік мүлде тұтынбайды, өйткені дәрігерлер бірнеше жыл бұрын оған обыр дерті диагнозын қойыпты.

Қос тараптың келтірген барлық дерегін тыңдаған Алматы қалалық сотының апелляциялық комиссиясы Ілияс Кардың үкімін өзгеріссіз қалдырып, ал адвокатының өтінішін қанағаттандырмады.

Сотта Ілияс Кардың барлық зардап шегушіге материалдық шығынды өтегені де айтылды.



sputniknews.kz