«Жақсы көремін»: Ділназ Ахмадиева павлодарлық сүйіктісін таныстырды — Қазақстан жаңалықтары
Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Ділназ Ахмадиеваға жеке өміріне қатысты сауалдар жиі жолданады. «Тұрмысқа шығатын кез келді, бала табуың керек» — дәл осы сынды пікірлерден әнші шаршаған. Әйткенмен Ахмадиева бүгінде бақытты.
Қазіргі жігіті жайлы әнші «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.
«Аты — Азильхан, Павлодар қаласынан келген жігіт. Өзі музыкант және әнші.
Жақсы көремін бұл жігітті. Той қашан екенін білмеймін», — деді Ахмадиева.
Ділназ өзі Азильдо деп еркелететін азаматты не үшін жақсы көретінін бір ғана сөзбен түсіндірді.
«Еркек», — деп қысқа қайырды ол.
Бұдан бөлек, өнер иесі Қанат Сыбановпен бірігіп түсірген клипі жайлы айтты.
«Қанат 5 жыл бойы артымнан қалмады. Ақырында дуэт пайда болды. Ол кезде ән жоқ еді. Тек осы өлең ғана бізге жарасты», — дейді Ахмадиева.
Айта кетейік, аталған әнді кезінде Мұрат Насыров орындаған. Ділназ бұған дейін де марқұмның әйгілі «Я это ты» әнін халыққа жаңаша нұсқада ұсынған болатын.
stan.kz