Алматы полициясы кісі қағып кеткен ақ түсті көлікті іздеп жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жолды тиісті емес жерден кеспек болған жаяу жүргінші ауыр халде ауруханаға жатқызылған

АЛМАТЫ, 9 сәуір — Sputnik. Іле даңғыл жолында белгісіз шетел көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Оқиға Іле даңғыл жолы бойында 70-ші разъезге жетпей болған. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, ақ түсті шетел көлігі Іле даңғыл жолымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен 50 метрдей жерде кісіні қағып кетті.

Қатты соққыдан жаяу жүргінші қарама-қарсы қозғалыс жолағына ұшып түскен. Сол кезде жолақта Nissan Primera көлігі келе жатқан болатын. Кісі қаққан шетел көлігі оқиға орнынан қашып кетті. Жаяу жүргінші ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер зардап шегушінің өмірі үшін күресіп жатыр.

Sputnik

Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті

 

Полиция қашқын жүргізушіні іздеп жатыр.



sputniknews.kz