Реферат: Қазақ әдебиеті | Константин Константинович Шестаков
Константин Константинович Шестаков (23.4.1923, Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті — 27.6.1944, Ресей, Ленинград облысы Выборг ауданы Лампилия ауылы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардияшы жауынгер. Орыс. 7-сынып бітірген соң МТС-те трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың 27 маусымында шақырылып, майданға аттанды. Шестаков 1944 жылдың жазында Ленинград облысын азат ету кезінде көзге түсті. Шестаков қызмет еткен 129-гвардиялық атқыштар полкі Лампилия ауылы жанындағы отты нүктені алуда жау жағынан қатты қарсылық болды. Гвардияшылар екі рет отты нүктеге шабуыл жасап, ала алмады. Олардың алға жылжуына гранит төбе тастарының қалқасындағы жау пулеметі бөгет болды. Шестаков осы пулеметтің жанына еңбектеп барып, граната лақтырып, жаудың 50-ге жуық әскері мен офицерін жойды. Өшпес ерлік жасағаны үшін Шестаковке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Сондай-ақ ол Ленин орденімен марапатталды. КСРО Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен Ленинградтың гвардиялық мотоатқыштар полкі тізіміне Шестаковтың есімі мәңгі бақи енгізілді. Алматы облысындағы Қарабұлақ кентіндегі мектепке және көшеге, Ленинград облысының Выборг қаласы көшелерінің біріне Шестаковтың есімі берілген
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!