Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

0

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

1 ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ………………………………..6
1.1 Жаһандану ұғымы және оның теориялық — әдіснамалық негіздері…………..6
1.2 Жаһандану үдерісіндегі батыстық және шығыстық
құндылықтар жүйесі………………………………………………………………………………….13

2 ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН
ФОРМАЛАРЫН МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ……………………..29
2.1 Қазіргі қазақ мәдениетіндегі жаһандану үдерістерінің кейбір
бағыттары………………………………………………………………………………………………….29
2.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет…………………………36

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………57
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану — қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.
Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен үндес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды. (Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2О3О. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.)
Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады.
Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде «Мәдениеттер майданы» жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде, болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр.
Зерттеу нысаны. Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін талдау.
Зерттеу пәні. Алдымен мәдениет үдерісінен, мәдени сұхбаттан туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай отырып, рухани мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді болжам жасай отырып, анықтау. Жаһандану ықпалында қазақ рухани мәденитетінің дәстүрлік және инновациялық үдерістерін анықтау және талдау жасау.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсатына жаһандану кеңістігінде күш алып отырған батыстық және жаһандық ықпалдың қазақ мәдениетінің қалыбына тигізіп отырған әсерлері және одан шығып отырған позитивті және негативті нәтижелерге талдау жасай отырып, олардың себебін, табиғатын анықтау жатады. Мәселенің қойылуы мен өзектілігінен, оны зерттеудегі негізгі мәселелер мен туындаған бағыттардан бітіру жұмысының міндеттері айқындалады:
Мәдениет күрделі және көп деңгейлі процесс ретінде мәдениеттанушылар мен философтар тұрғысынан талдау жасай отырып, әлемдік деңгейдегі ролін көрсету;
Процесс ретінде, уақыт ретінде және кеңістік ретінде жаһандану табиғатын экономика, саясат және мәдениет тұрғысынан талдау жасау;
Жаһандану процесінің кең өріс алу себептерін анықтау және бұл процестің болашаққа тигізуі мүмкін әсерлерді болжап анықтау;
Жаһандану кеңістігіндегі батыстық емес және батыстық мәдениеттердің бір-біріне әртүрлі деңгейлерде ықпал ету әсерлерін айқындау және оларға мәдениеттану тұрғысынан талдау;
Қазақ мәдениеті – Әлемдік мәдениеттердің бірі ретінде орны мен ролі туралы тарих және мәдениет тұрғысынан талдап көрсету;
Батыс және Батыстық емес мәдениеттердің ерекшелік белгілері мен ол белгілердің қазақ мәдениетімен үндестігін таба отырып, мәдениеттанулық-философиялық түсіндірме беру;
Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін (позитивті және негативті) атап көрсету және болашаққа болжам жасау.
Қазақ мәдениеті, жаһандану кеңістігінде өзіндік ерекшеліктерін бәсекелестік қабілетпен өзге ұлт мәдениеттерімен терезесі тең келуі немесе бәсекелесуге енжарлық көрсетіп, өзге ұлт мәдениетіне сіңіп, жеке-дара ұлт мәдениеті ретінде жоғалып кетуі мүмкін. Осындай позитивті және негативті үдерістің қандай жағдайларда болуы мүмкін екендігін барынша жан-жақты қарастырылып, зерттеліп, сарапталып, нәтижеленуі керек. Бұл – уақыттың талабы және қазақ зерттеушілерінің ұлт және ата-баба аруақтары алдындағы қасиетті парызы мен міндеті. Өзіңді танымай өзгелермен сұхбаттасу қауіпті нәрсе, өзіңнің тұғырың мен табиғатыңды анықтамаған және өзіңнің өмірлік принциптеріңді қалыптастырмаған жағдайда өзге біреудің сыңары немесе одан да қауіптісі мәңгүрт болуың әбден мүмкін. Осындай үдеріс өз ұлтыңа да өзге ұлтқа да позитивтілік әкелмейді, керісінше, қоғамның, адамзаттың табиғатын мутацияға ұшыратып, бүкіл адамзатты рухани және, тіпті, материалды деградацияға ұшыратасың.
Жаһандану кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты.
Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен қазіргі уақытты және қазіргі уақыт пен болашақ уақытты байланыстыратын уақыт жалғастығы (сабақтастығы). Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері – яғни, қазақ мәдениетінің бұл уақыт талабына сай функциялары қалай өзгереді?
Қазақ мәдениеттің ішкі теориялық, идеялық потенциалын анықтау барысында тек отандық ғалымдар теориялары мен концепцияларына негізделмей, мәдениет тарихы теориясы мен мәдениеттің концепциялары жақсы қалыптасқан Батыстық теориялық тұжырымдар тұрғысынан зерттелініп талдануы тиіс. Бұдан ешкім ұтылмайды. Қазақ ұлттық мәдениетін тек бір позиция көзқарасынан қарастыру оның ішкі рухани және материалды мәдениет байлығының көзін толық ашпайды, және де осындай жағдайда біз не істеуіміз керек өз мәдениетімізді қалай сақтап қаламыз деген сұрақтарға жауап беру осы бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық (инновация), батыс мәдениеті мен өркениетінің экспансиялық тарихы, батыстық және шығыстық мәдениеттердің өзара сұхбаты мен қақтығыстары ғалым-философтар да талқылаған мәселе болып келді. Бұл тақырыпты батыстық, ресейлік, шығыстық және отандық зерттеушілер әр түрлі, тіпті кейде қарама-қарсы позициялардан зерделеген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

1.1 Жаһандану ұғымы және оның теориялық-методалогиялық негіздері.

Жаһандану кеңістігіндегі өзгеріс үдерістерін зерттеп, сараптамас бұрын, осы ареалда жүзеге асып отырған процесті – жаһандану процесінің басталған уақыт пен себеп-салдарын анықтау басты шарт.
Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер пайымдаулары бойынша, жаһандану процесі анық 20 ғасырда көрінсе де, оның басталу тарихы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден бастау алады, яғни адамзаттың дүниеге келуі және бүкіләлемдік интеграция процестері бір-біріне байланысты және бір-бірінің себеп-салдарлары болып табылады. Бірқатар тарихшылар жаһандану процесін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады:
1. Архаикалық жаһандану;
2. Прото-жаһандану;
3. Қазіргі кезеңдегі жаһандану.
Негізінен жаһандану процесі тарихы екі кезеңдер бойынша жүрді және жүріп келеді, яғни:
1. Локальды (жергілікті) жаһандану
2. Жер бетін түгел алып отырған жаһандану
Локальды жаһандану процесі көршілес мемлекеттер, ру-тайпалар, халықтар арасындағы интеграциялық, сұхбаттық, қарама-қайшылықты қарым-қатынастар процесі кезінде айқын көрінеді. Мысалы, тарих беттерінен Рим империясы мен көршілес елдер арасындағы немесе қазақ даласында мекендеген ру-тайпалар арасындағы қарым-қатынастар жаһанды жаһандануға бастама, негіз болғанын тарих, уақыт көрсетіп отыр.
Ал жаһанды деңгейдегі жаһандану процесі бүкіл әлемді қамтитын жаһанды процесс, яғни әлемнің бір түкпірінде болып жатқан тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық позитивті немесе негативті оқиғалар өзгелерге белгілі бір уақыт көлемінде жеткізіліп, одан кейін сарапталып, қандай да бір тұжырым қалыптасады.
Жаһандану процесінің қарқынды адым алып дамуға бірқатар империялар-хандықтар әсер еткен болатын – Моңғол империясы, Осман империясы, Португалия империясы, Германия империясы, Испан империясы, т.б., соның ішінде қазіргі таңда батыстандыру немесе американдандыру процесі [1, 248-249 бб.].
Жаңарған әлем соңғы онжылдықтағы әлеуметтік институттармен әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерімен күшеюі арқылы және көрінбейтін динамика арқылы сипатталатын белсенді трансформация кезеңін басынан өткеруде. Жүріп жатқан процесстердің нәтижесі бір мемлекеттің, аймақтың және тұтастай әлем сипатының өзгеруі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл дәлелдер талас тудырмайды, бірақ уақытында трансформациялық процесстің мәніне қатысты ойлар соның соңғы нәтижелері. Және де оған арнайы бақылаулар мен бағалар берілді.
Әлемдік бұл өзгеріс тенденциясына талдау жасағанда, өзгермелі әлемді түсінуге бірден — бір қадам жаңарған қоғамдағы гуманитарлық ғылымда жаһандану теориясы орын алады. Әлемдік даму тенденциясының негізі болып, жаһандану ықпалының көрінісі, эканомикалық – саяси процесстерде, сондай – ақ мәдени — өркениеттік саладағы өзара байланыстардан көрінеді. Ол мемлекеттердің алдына жаңарған үдерістегі жаһандық негіздерді иемденуші мәдени — өркениеттік тапсырмаларды қояды. Және де осындай жағдайда өзінің дәстүрлі арнайы құндылықтарын негіздейді [2, 52-63 бб.].
Соңғы уақытта жаһандану және жаһанданулық үдерістер көптеген зерттеушілердің назарын аудартқан обьект болды. Жаһандану теориясы халықаралық қатнастардағы саяси теориямен әлеуметтік жүйелік теорияның негізінде пайда болып, әлемдік жүйе мен әлемдік қауымдастық консепция шеңберінде тиімді өңделген. «Жаһандану» термині XX ғасырдың 60 – шы жылдарында В. Мураның еңбегінде пайда болды. ( сондай – ақ жаһандық социология терминін айналымға енгізді) және М. Маллюэнаның еңбегінде біріншіден «жаһанданулық ауыл термині қолданды».
1980 жылдың ортасында «Жаһандану» түсінігін Р. Робертсон өңдеді, таратты. Сонымен қатар 1989 жылдың аяғында әлемдік трансформация теориясы шеңберінде жаһандану теориясына қатысты көптеген зерттеулер жасалды. 1990 жылы «жаһанданулық мәдениеттке» атты тақырыпқа жүйелі жинақ мақалалар шықты. Сондай – ақ алдыңғы қатарлы жаһанданудың теоретиктерінің еңбектерінің жариалануымен : И.Валлерстайн, М.Арчер, Р.Робсона, М. Фезерстауна, А. Аппадурай, Б. Теркеро және т.б. Сол уақытта жаһандану жайлы іргелі еңбектер бірінен соң бірі пайда бола бастады.
Бұл концепция 1990 жылдың бірінші жартысында кез – келген эканомикалық және әлеуметтік өзгерістер жаһанданулық көзқарас пен қарастырылған кезде шырқырау шегіне жетті. Осы 8 – 10 жылдықта жаһандану бойынша еңбектер жылдам негіз алды. Егер осы тақырыпқа арналған 1980 жылдарда кітаптар мен мақалалалрдың саны жылына 1 -3 % өсті, тек қана 1990 жылдың ортасында жаһандануға қатысты жұмыстардың саны геометриялық өсіммен өсті [3, 52 б.].
Дегенмен он жылдықтардан бері жаһандану мәселелері бойынша пікірталастар жалғасып жатса да жалпы жаһандану терминін ашып бере алмады. Қанша зерттеу жұмыстары жасалса да «көп түсінігі бәрібір бұлдыр күйінде» қалды, және бұл тақырыпқа байланысты, әрбір автор өзіндік жеке ойларын береді. Қиындығы сол бұл ғаламдар әртүрлі түсіндіреді; кейде онда жаңа және комплексті мәселелер көрінеді. Сондай – ақ американдық социолог Р. Страйкер былай дейді, «жаһандану түсінігімен байланыстағы проблемалар жиынтығы ретінде зерттеушілердің назарын аударған обьект ретінде салыстырмалы түрде ұзақ болмады» және дәл осылай оның ойынша сол кездегі мәселе болып, нақты ойлау жүйесінде әлі де болса, жалпы түсініктегі постулаттарды реттеуге негіз болмады.
Жаһанданудың мазмұны мен мәнін түсіндірудегі айырмашылықтар туралы айтқанда бұл ұғымның көпжақты екенін айтпай кетуге болмайды. Жаһандық процесстер жалпылық сипатталады, ал оның әртүрлі аспектілері қазір барлық қоғамдық ғылыми пәндерде қолданылуда. Жаһандану термині олардың әрқайсысында өзінің негізгі мағынасында қолданылады.
Экономистер жаһанданудың мәні ерекше типтегі әлемдік эканомикалық жүйенің пайда болуынан көреді. Соған сәйкес олар жаңа ғаламдық қаржы жүйесінің құрылуы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, трансұлттық эканомиканың қалыптасуы (Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жұмыс күші, капитал, шикізаттың әлемдік нарықтарының пайда болуы) сияқты проблемаларды зерттеуге баса назар аударады.
Географтар жаһанданудың кеңістік өзгеруін зерттейді; үлкен қалалармен мегаполистегі проблемалар, жаһанданудың нәтижесінде бейбітшілік кеңістігінде пайда болып келе жатқан «эканомикалық архипелогтар».
Халықаралық қатынастармен халықаралық құқық ғылымының өкілдері басты назарды трансұлттанудың жылдам жүруі мен мемлекеттердің өзара тәуелділігінің күшейуін: мемлекеттің егемендік жағдайына, халықаралық құқықтық жаңару мен жаңа әлемдік тұрақтылықтың орнауына бөледі. Халықаралық қатнастағы транұлттық саясат версаль және подсдам жүйесінің күйреуінен кейін халықаралық қатнастар жүйесінде пайда болды. Ұлттық мемлекеттік принциптерге негізделетін «жабық» және өзара қатнас принциптеріне негізделген «ашық» деп сипатталған ескі және жаңа саясат түрінің арасында халықаралық қатнастар сферасының жаңару тенденцияларынын сараптаған кезде екеуінің қарама – қайшылығы айқын көрінді. XX ғасырдың басындағы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталған (өзін — өзі анықтауда ұлт құқығы, ұлттық мемлекеттік суверинитетті қорғау тағы сол сияқты) принципке қарағанда XX ғасырдың ортасынан бастап халықаралық қатнастар саласындағы зерттеулер басты назарды адам құндылықтары мәселесін шешуге (адам құқығындағы мәдени – этикалық құндылықтарды қорғау, жаһандық мәселелерге т.б) аударды [4, 35-36 бб.].
Әлеметтанушылар мен мәдениеттанушы зерттеушілер әлеуметтік-мәдени даму стратегиясына жаһанданулық тенденциялардың ықпалымен байланыстағы мультимәдениеттер мен проблемалардың феноменімен айналысуда.
Философтар да жаһандану феноменін талқылауда көп үлес қосуда. Біріншіден олардың зерттеу обьектісі болып адамзат құндылықтарының әмбебаптануымен «жаһандық проблемалар» және жаңарған әлеммен байланысты.
Бүгінгі күні жаһандану жайлы көптеген елдің қайраткерлері жаңа әлемдік тұрақтылықтың қалыптасуына байланысты айтуда. Мысалы: 1998 жылы Рессейдің сол кездегі сыртқы істер министірі С.И.Иванов 1998 жылды «халықаралық қауымдастықтағы жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуына жаһанданудың әсерін түсіну жылы» деп атауға шақырды [5, 56 б.]. Жаһандану сияқты мұндай күрделі және көпжақты құбылыстарды біруақытта көптеген ғылымдардың зерттеп жатқанын аңғаруға болады, әрі олардың бір – бірімен қабыспайтын өзіндік тілі, әдіснамалық, категориялар жүйесі бар. Сондықтан жаһанданулық процесстердің мәнімен олардың интернационализация, модернизация, вестернизация, трансформация сияқты теориялық және практикалық құбылыстармен байланысы туралы сұрақ анық күйінде қалып отыр. Жаһанданулық процесстердің қазіргі заманға, оның ішінде бұрынғы кеңестік мемлекеттерге ықпал етуі проблемасын қарастыру жаһандану теориясы саласында жасалынып жатқандарды қарастырмай өте алмайды.
Жаһандану дискурсының пайда болуы көбінесе транформация теориясының кеңістіктік референциясы ретінде түсіндіріледі [6, 147 б.]. Жаһандану парадигмасы үшін кеңістіктік референцияның маңыздылығын Г.Герборн былай түзеді: «Постмодернизм қазіргі заманға тән уақыт концепциясына сауал (вызов) тастаған кезде жаһандану кеңістіктік байлыққа бағытталады. Бұл мағынада жаһандану қазіргі заманның кеңістік шырқауы деп түсіндірілуі мүмкін [7, 15 б.]. Иә, шындығында (адам баласы) жаһандану теорияларының көпшілігінде әлеуметтік ұйымдасудың дихотомиясы: «аймақтық ғаламдыққа қарсы» жатады. Бұл дихотомияда «ғаламдық» термині өзіне «интернационалдық» және «трансұлттық» ұғымдарын, ал «аймақтық» термині «ұлттық» және «мемлекеттік» ұғымдарын қамтиды. Жаһанданудың кеңістіктік парадигмасы шеңберінде әлеуметік ұйымдасу мен әлеуметтік өзара іс — әрекеттің кеңістіктік сипатының өзгеруімен байланысты процестерді түсіндіру бейнелеу қабылданған.
Жаһанданудың «кеңістігін» парадигмаларының пайда болуына әлемдік жүйені эканомикалық және саяси қатнастар жүйесі ретінде қабылдайтын ұғымға негізделген теориялық модельдер негіз болды. Бұл дәстүрдің мысалы И. Валлерстайнның еңбегі болып табылады. Ол XV – XVII ғасырда пайда болған және (дәстүрлі) империя қоғамдарының аймақтық интеграциясының дәстүрлі типінен түбірінен ерешеленетін «әлем эканомика» ұғымын алаға шығарды. Бұл әлемдік жүйе жаңа дәуірде бүкіл әлемге тараған әлемдік капиталистік эканомика болып табылады.
Әлем эканомика структурасы үшполюсті болып табылады: орталық – жартылай периферия – периферия. Әрі онда зоналар географиялық жақындық бойынша емес, байланыс сипаты бойынша топтасады. Капиталистік әлем – эканомиканың орталығында кооперация мен бәсекелестік қатынасы орнайды. Орталық пен периферияның арасында эксплутация (қанау) мен тәуелділік байланысы орнайды. Жартылай периферия атауынан шерініп тұрғандай, орталық пен периферияның арасында аралас типтегі байланыста болады. Бұл құрылымның интеграциясы сауда және өндірістік өзара байланыстың арасында мүмкін болады, әрі ұлттық мемлекеттердің әлем – экономика құрылымына қосылуы біршама мәжбүрлік сипатта болды.
И.Валлерстайнның әлем – эканомика моделіне жақын Э.Гидденстің жаһандану теориясы болып табылады. Гидденс жаһандану теорисының бүкіл әлемге тараған әлеуметтік қатнастардың күшеюінен көреді. Яғни жергілікті оқиғалар одан алыс жатқан жердегі жүріп жатқан оқиғалардың әсерінен және бұған керісінше жағдай да жүреді. Гидденс жаһандануды тікелей модернизацияның жағасы деп түсінеді.
Гидденс бойынша жаһандану әлеуметтік қатнастардың жергілікті жағдайлардан автономизациялануы болғандықтан, деконтекстелген институттар іс — әрекетінің бүкіл әлемге таралуын модернизацияның жаһанданулық формасындағы жалғасы деп айтуға болады. Ол жаһандануды кез – келген әлеуметтік жүйе сияқты төрт институттың өлшемімен қарастырады: әлемдік капиталистік эканомика, ұлттық мемлекеттер жүйесі, әлемдік әскери тәртіп, халықаралық еңбек бөлінісі.
Валлерстайннан ерекшелігі Гидденс моделі жүйелердің өзгеруін тек жүйелік байланыс (ғаламдық) деңгейінде ғана емес, жүйенің байланысты элементтері деңгейінде (”жергілікті оқиғалар“) қарастырады. Сондықтан Гидденс үшін «жаһандану» термині мағынасы бойынша тек мемлекетаралық қатынастармен байланысты «интернационализация» терминінен гөрі анағұрлым адекватт [8, 214-215 бб.].
Мәдениет сферасына шешуші мән беретін Р.Робертсон 1980 жыл ортасында ұлттық мемлекеттер мен экономиканың өзара ғаламдық тәуелділігі жаһанданудың тек бір аспектісі ғана болып табылады, екінші аспект — индивиттің ғаламдық санасы әлемнің «біртұтас әлеуметтік мәдени орынға айналуы үшін маңызы зор» деген тезис көтерді. Робертсон жаһандануды әлеуметтік өзара әрекеттердің жалқы шарттары мен сипаттары мен әлемнің «біртұтас орынға» айналу логикасы біріккен эмпирикалық анық көрінетін өзгерістер сериясы деп түсінеді. Бұл әлемнің шалғайындағы оқиғаның бір ғана әлеуметтік өзара әрекет процесінің элементі немесе талабы болуы мүмкін дегенді ұйғарады. Осылайша әлем сығылады элементтік кеңістікті ерекше зоналарға бөлетін шекаралармен кедергілерден арылып, ада болып біртұтас болады.
Ғаламдық процесстердің «әлемнің бірігуі» жоспарына әсер ету деңгейі мәселесінде зерттеушілер арасында кәдімгідей ашықтық бар екенін айту керек. Мысалы, франсуз ғалымы , Париж саяси зерттеулер институтының профессоры Б.Бади жаһандануды «әлемнің гемогонизациялануы», «біртұтас прициптер, құндылықтар бойынша жүру, бір ғана ғұрып пен мінез – құлық нормасы бойынша» жүру, барлығын әмбебаптауға ұмтылу деп түсінеді [9, 2 б.]. Ол бұл «гемогонизация» белгісі қазірдің өзінде әртүрлі сфераларда көрініп отыр деп санайды.
Француз саясатттанушысы Ж.Аттали өзінің болашақ туралы версиясын суреттей келе әлемнің бірігуі және оның біртектілігі туралы айтады[10, 202 б.]. Бүкіл әлемде ақпараттық технологияның дамуымен бірге либералды – демократиялық идеология мен нарықтық эканомиканың таралуы әлем біртұтастыққа келе жатыр, ғасырлар бойы үстем геосаяси реалдылық «үшінші дәуірде» келмеске кетеді дегенді ұйғарады. Біртұтас әлем «геоэканомика» принципіне құрылған. «Геоэкономика» — бұл геосаясаттың ерекше версиясы, ол өз талдауында басты назарды дәстүрлі институттарға, мемлекеттерге, мәдени және этникалық дәстүрлерге емес, ғаламдағы эканомикалық тасқынның құрылымы мен географиясын зерттеуге көңіл қояды. Осылайша, негізгі акцент қай жерде әлемдік биржаның орталығы пайдалы қазбалар, ақпараттық орталықтар мен ірі өндіріс бар сол жерге жасалады.
XIX — XX ғасырдың әлеуметтік мәдени өзгерістерді «жаһандану» емес, «интернационализация» түсінігімен ұғындыратын зерттеушілермен келісуге болады. Аталған контекстегі интернационализация терминін эканомикалық және саяси байланыстар жүйесінің ұлттық институттар деңгейінде (мемлекет, үкіметаралық ұйымдар, үкіметтік емес, бірақ ұлттық маштабтағы ұйымдар ) өсуі деп, сондай – ақ XIX ғасырда дамудың классикалық теориясының пәні болған өндірістік буржуазиялық қоғам институтының барлық елге таралуы деп түсінуі керек. Мысалы 1848 жылы К.Маркс пен Ф.Энгельс жазған «Коммунистік партияның монифесінде» халықаралық эканомикалық байланыстар мен капиталистік қатынастардың территориялық экспаниясы адамзаттың жаңа тарихи кезеңге өтуінің маңызды сипаттамасы ретінде суретеледі.
Осы көзқараспен қарағанда интернационализациядан жаһанданудың өзіне өту дегеніміз бірқалыпты жүріп жатқан алдыңғы тенденциялардан одан кейінгі әлемдік дамуға, секіретін динамикалық тенденцияға өту болып табылады.
Бұл өтпелі кезеңнің негізгі белгісі даму параметрлерінің өзара қайшылықтарының саны болады. Жаһандану түсінігі интернационализациялық процестердің күшеюін қамтиды, сондай – ақ субнациональді деңгейдегі әлеуметтік ұйымдастырудың өзгеру факторы тікелей орнықты және де трансұлттық, индивитаралық, топаралық өзара қарым – қатынастар күшейді.
Жаһандану мәселесіне арналған әртүрлі саладағы білімдердің зерттеулеріне сараптама жасауда жаһанданудың процесіне жататын негізгі факторлармен процестердің топтамасын айқындап алу шарт.
1. Шексіз өсу мен транстериториялық байланыстардың күшеюі мен өзгеруінің нәтижелері транспорт және масмедиадан электронды байланыс, компьютерлі сеттерге дейінгі әртүрлі комуникациялық құралдардың даму нәтижесі. Ақпараттық және мәдени айырбассаласында көптеген дәстүрлі шекаралардың жойылуы; бірізділік мәдениет пен этиканың таралуына әкеледі.
2. Трансұлттық корпарациялардың пайда болуы, капитал қозғалысы мен халықаралық сауданың өсімі, халықаралық қаржы айналымының күшеюі, әлемдік бағаға бағытталу, жеке технологиялар, жұмыс күшінің миграциясы сонымен қатар экономиканың интернационализациясына әкеледі.
3. Белгілі бір идеологиялық прициптердің таралуы, яғни демократия приципі, капиталистік кәсіпкерлік және нарықтық механизмдер.
4. Халықаралық қатнастардағы қоғамдық пікір мен үкіметтік емес ұйымдардан трансұлттық қозғалыстар мен ұлттан жоғары (наднациональный) деңгейге дейінгі әлемдік саясатта жаңа субьекттердің пайда болуы; мемлекетараалық институттар мен халықаралық құқық жүйесінің дамуы. …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!