Шығарма: Аналар – асыл жандар
Ақтөбе қаласы
№32 мектеп гимназиясы
5 «ә» сынып оқушысы: Төлегенов Диас Алмасұлы
Жетекшісі: Алдыярова Кулайм Урынбасаровна
Мына дөңгеленген дүниеде жаныма жақын қымбат адамым – анам. Себебі тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, маған жарық дүниені нәсіп екен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген анашым болатын. Асыл анашым, сіздің алдыңызда қарызым ешқашан өтелмек емес, тіпті жаяу жүріп Меккеге сан мәрте апарсам да сіздің бір күндік ұйқыңыздың өтеуін өтей алмаймын. Сіз менің өмірімнің бұлағысыз, жарық дүниемнің шырағысыз, анашым!
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші, менің барлық өмірімнің арқауы, бақытты балалыққа жеткізген аяулы анамның есімі – Ләззат. Жасынан тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп өскен анам адам жанына шуақ шашар күн секілді. Мен өзімді анамның жанында ең бақытты, қамсыз адам ретінде сезінемін. Анам менің бір қуанғаным үшін немесе бір рет жымиғаным үшін қолынан келгенін аяған емес. Мен де болашақта анамның маған жасаған қамқорлығын, жақсылығын ешқашан ұмытпаймын. Анашым, мен сізді шексіз жақсы көремін! Келешекте сіздің мақтан ететін ұлыңыз боламын.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!