Балабақшаға арналған сабақ жоспары балабақшадағы жылдық жоспар
І. САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Естаева Сара Қапанқызы, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Топ: Ортаңғы топ
Оқыту білім беру саласы: Таным
Оқыту пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Заттардың көлімі
Мақсаты: Салыстыру негізінде заттардың ұзындығын анықтауға үйрету. Беттестіру тәсілін қолданып, ұзындау, қысқалау, ұзын, қысқа сөздерін қолдану.
Көрнекіліктер: Шыршаның, орманның, Аяз Атаның, аққаланың суреттері, жолақшалар, әр түрлі көлемді шелектердің суреттері.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндеру, әнгімелесу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, жұмбақ, ғажайып сәт, сиқырлы сандық.
Технология: «Дьенеш блогі»
Сөздік жұмыс: Салыстыру, беттестіру, ұзындау, қысқа, Аяз Ата, ақ қала.
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қоғаушы.
Ұйымдастыру.
Сергіту сәті.
Қортынды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: |
Тәрбиеші балалармен «Поезд» болып топқа кіреді. — Балалар, қарандаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане, бәріміз қонақтармен амандасайық!
«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені».
Енді бәріміз шеңбер құрып, бір-бірлерімізге жақсы тілектер тілейік. Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жер! Армысың, көк аспан! Жылуыңды қос маған! Міне, менің қолым.
Тәрбиеші: — Балалар, кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?
Дұрыс.
Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер қай мезгіл екенін шешіндер.
Күн жылынып Қар еріп, Су сайларға толады.
Күндер ысып, Маса шағып, Балалар суға шомылады.
Күн бұлттанып, Жауын жауып, Шөп, жапырақ сарғаяды.
Суда мұз бар, Жерде қар бар, Боран, борап соғады.
Кім қыс туралы тақпақ біледі?
Ал қазір қай мезгіл, кім айтады?
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Осы кезде есік қағылып, топқа аю кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
— Рахмет саған, аю.
Тәрбиеші хатты ашады. Хатта былай деп жазыпты. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге тапсырмалар жібердім. Егер де тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласынңар. Сәлеммен, Аяз ата!».
Аяз ата балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардаң ертеңгілігіне баруы керек. Бірақ мына жолдардың қайсысымен қайда тез жетемін? Жасыл түсті жалпақ ұзындау жол (орманға). Көк түсті жіңішке қысқа жол (балабақшаға). Аяз ата (қысқа жол).
Балалар аққалалардың бастарыңдағы шелектердің көлемдері, түстері қандай? Онда балалар тапсырмаларды орындайық.
Ең алдымен сергіту жасап алайық.
Боран соғар сол жақтан. Боран соғар оң жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су болады қолғаптар. Ал, қане, тапсырмаларды орындайық.
Ол үшін дидактиқалық ойын ойнаймыз.
Д/ойын: «Ұзын және қысқа». (салыстыру). О/шарты: Балаларға ұзын және қысқа жолақшалар тарату. Алдарыңдағы жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшардың өлшемдерін тауып, тапсырманы орындайық.
Д/ойын: «Аққала» . О/шарты: Мен сендерге шелектердің үлгісін берем, өздерің тауып алып, аққалалардың бастарындағы шелектермен салыстырып беттестіріңдер. Көлемі, түстері бірдей болуы керек. Тапсырмалар, орындалып аяқталысымен: — Міне ғажап, біздің сиқырлы сандығымыз ашылып кетті, балалар мұнда да хат жатыр. Мұнда не жазыпты екен. «Құрметті балалар, сендерді жаңа жыл мерекесіне шақырамын, Аяз ата».
Балалар, бүгін біз нелерді өттік? Тағы не істедік?
Балалар өлшемдерді білуі керек. Екі заттың көлемін, пішінін үшінші затпен салыстырып беттестері айыра білуі қажет. |
Балалар тәрбиешімен қимыл-қозғалыс жасай «поезд» болып топқа кірді.
Сәлеметсіздер ме!
Балалар бір-бірлерінің қолдарын үстеріне қоя тілектер тілейді.
Төрт мезгіл.
Көктем мезгілі.
Жаз мезгілі.
Күз мезгілі.
Қыс мезгілі.
Бойымызға шақ ғана, Көзі көмір қап-қара. Мұрны сәбіз сап-сары, Тұрғыздық біз Аққала.
Қыс мезгілі.
Қар жауады. Адамдар жылы киімдер киеді. Балалар шана тебеді. Аққала жасаймыз. Жаңа жыл мерекесі болады. Аяз ата сыйлық әкеледі.
Аю. Орманда.
Иә, иә!
Балалар ойын арқылы тапсырмаларды орындай бастайды.
өлшемдерді, ұзындықтарды, көлемдерді, түстерін салыстырады.
Ойындар ойнадық. Ұзындау, қысқалау, дәл дегендерді білдік. |
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Естаева Сара Қапанқызы, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Топ: Ортаңғы топ
Оқыту білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Оқыту түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, экология
Тақырыбы: Судың қасиеттері.
Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Су, құм, сүт, мұз, жалпақ табақ.
Технология: «Дьенеш блогі»
Сөздік жұмыс: Сұйық сусымалы.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы.
Ұйымдастыру.
Жұмбақтар.
Тақпақ.
Мақал-мәтел.
Тәжірибе жасау.
Сергіту сәті.
Қортынды.
Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Меңгеруі керек: Жасай білуі: |
Шаттық шеңберге тұрғызу. Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір, таза көңілмен, Бүгінгі күндік бастайық.
Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не? Табиғат қандай болады?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Ал өлі табиғатқа ше?
Қане, балалар, барлығымыз мына жұмбақты шешейік.
Жалт-жұлт еткен, Жылғадан өткен. Бұл не?
Аспаннан домалап, Көп моншақ төгілді. Бұл не? Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетеріміз су туралы.
Су туралы кім не біледі?
Дұрыс.
Ал кім тақпақ біледі?
Ал кім мақал-мәтел біледі?
Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
I. Судың түсін ажырату,
Судын түсі қандай болады? 1. – тәжірибе. 1 — стаканда су – қасық салу. Көріне ме?
2 — стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?
II. Судың түсін өзгерту.
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады. Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма?
III. Тәжірибе.
2 стакан, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай? Тәрбиеші: Суды қандай ыдысқа құйсаң ыдыстың пішіні сондай болады. Су – сұйық зат екен. IV. Тәжірибе. Енді стаканға құм салам. Ол да стаканың пішініндей. Сондай құм сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткізейік. Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті. Яғни су – сұйық зат. Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды. Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құм – сусымалы зат. Су – сұйық зат.
V. Тәжірибе. Мұз, жылы су, ыстық су, салқын су. Мұзды алақанға салып ерту. Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ бу шығады. Су қайнағанда бу тамшыларына айналады. Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып. Ағаштарға су құйып, Өсіреміз сая бақ.
Біз бүгін не істедік? Нелерге? Судың сұйық зат екенін білу. Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын менгерту. Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады. |
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Бізді қоршаған орта.
Тірі және өлі.
Жануарлар, гүлдер, ағаштар.
Қар, су, тас, жаңбыр, күн.
Су.
Жаңбыр.
Сумен жуынады, Гүл суарады, малдар су ішеді.
Сылдыр, сылдр, сылдыр су, Сылдыр суға бетіңді жу. Жуынсаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың.
Судың да сұрауы бар. Су — тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Су — тазалықтың досы. Суға түкірме. Суды ластама.
Көрінеді.
Көрінбейді.
Болады.
Стаканның пішіндей.
Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі. |
Қалған бөлігін жүктеп алыңыздар,мына материалға сыймады!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!