Жасанды түсік слайд,презентация
Жасанды түсік слайд,презентация
Жүктілікті үзу – Аборт (түсік)
Аборттың түрлері
Хирургиялық аборт (жатыр ішін қыру)
Мини-аборт (вакуум-аспирация)
Медикаментозды аборт (фармакологиялық)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Аборттың түрлері:
Өздігінен болатын (түсік)
Жасанды (хирургиялық жолмен немесе басқа араласулардың әсерімен)
Өз кезегінде жасанды аборттар бөлінеді:
ерте (12 аптага дейін жүктілкті үзу)
кеш (12 аптадан кейінгі)
12Аптага дейінгі түсік әйелдің қалауы бойынша жүргізіледі. Ал одан кеш мерзімдегі жүктіліктер көрсеткіштер бойынша:
Медициналық ( әйел денсаулығына қауіпті, нәрестенің даму ақаулықтарына байланысты)
Әлеуметтік жағдайына (күйеуі жоқ немесе 1 — 2 топ мүгедек, көпбалалы, тұрғын үйі жоқ, жұмыссыздық, зорланған жағдайда)
Бұл наркоздың көмегімен ең көп қолданылатын 12 аптага дейінгі мерзімде жүктілікті үзу. Операциялық жүктілікті үзу стационарлық жағдайда жүргізіледі. Хирургиялық абортта дәрігер жатыр мойнын ашып,өткір кюреткамен ұрықты қырып алып тастайды.
Операциялық аборттан кейін инфицирлену және басқа да қауіпті факторлар, жүктіліктің мерзімі ұлғайған сайын жоғары болады. Аборттың бұл түрі өте жарақаттылығы жоғары және қауіпті. Сол себепті кеш мерзімді түсіктер тек көрсеткіштерге бойынша, әсіресе медициналық көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі. Алдын ала тексеру кезінде дәрігер аборт жасауға болатынын және қаншалықты қауіпті екендігін анықтайды.