Қазақша реферат: Әлемдік туризмнің дамуы |
бастады.
Географиялық ашылулар, теңізде жүзушілердің саяхаты, Америка, Африка, Австралия құрлықтарын игеру туризмнің дамуына әсерін тигізді. Бірінші саяхатты XVII ғасырда мектеп оқушылары оқу материалдарын бекіту мақсатында жүргізді. Ежелгі ұлы философ Платон өзінің әйгілі «Академиясында» білім берудің нормасы жолда әңгімелесу, серуендеу кезінде оқыту деп санады.
Томас Куктің 1843 жылғы бірінші жаппай туристік саяхаты теміржол құрамында 600 адамды серуеңдету мақсатында тасымал-дауды жүзеге асырған элемдік туризмнің дамуының және туристік бизнестің қалыптасуының негізін қалаушы болды. Ол арнайы туристік өнім болып табылатын тур құрып, туристерге қызмет көрсетуде теміржол жэне пароход компанияларымен, қонақүй жэне мейрамханалармен келісімшартқа отырды. Ол туристік маркетингтің негіз сала отырып, бірінші болып турқызметке деген сұранысты жүйелі зерттей бастады.
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехиядағы халық-аралық демалыс орындарының дамуына байланысты бұл елдер Англиямен қатар Еуропадағы халықаралық туризм орталығына айналуда.
Жалпы элемдік туризмнің дамуын негізгі төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Нарықтық экономикалы елдерде туризм туристік қызметтерді экспорттауға бағытталған даму индустриясы болып табылады. Туристік қызметтің масштабы географиялық жоспар, турқызметті алмастыру бойынша жоспарлар негізінде кеңейді. Сонымен қатар осы елдерде ірі рекреациялық әлеуетпен, демалуға, саяхаттың жаңа түрлеріне өз табыстарын жүмсауға мүмкіншілігі бар халықтың білім деңгейінің жоғарылығымен байланысты туризм бойынша көрсеткіштердің қарқынды өсуі байқалады. Әлемдік туристік ұйымның м2ліметтері бойынша АҚШ, Италия, Франция 1998 жылы туризмнен жоғары кіріс түсірген алдыңғы қатарлы елдер болды. Кірістің жоғары үлесі экономикалық дамыған елдерге, яғни АҚШ (30,4%), Италия (12,4%), Франция және Испанияға (12%) тиесілі.
Халықаралық туризмнің қарқынды жэне тұрақты өсуі туризм-нің қалың бұқара топқа да қолжетімді екенін көрсетіп отыр. Со-нымен қатар халықаралық нарық сыйымдылығының шектеулілігі, демографиялық өзгерістер, әлемнің көптеген елдерінде туу дең-гейінің төмендеуі, тұрғындардың төлем қабілеттілігінің жо-гарылауы, сонымен қатар лаңкестік эрекеттер мен басқа да форс-мажор жағдайлардың салдарынан халықаралық туристік агым көрсеткіштерінің өсу қарқынының томендегені байқалады.
Халықаралық туризмнің қазіргі кезеңдегі дамуын талдау келесі үрдістерді анықтауға мүмкіндік берді:
— жеке туристік аймақтардағы қатаң бэсеке, мысалы Амери-ка, Еуропа, Азияда;
— туризмнің дамуына экономикалық, әлеуметтік-мәдени факторлардың жэне қоршаған орта факторларының әсері;
— саяхаттың үзақтығын азайту жэне саяхатқа бару жиілігін жоғарылату;
— жол жүру үзақтығын қысқарту мақсатында жоғары жыл-
дамдықты транспортты қолдану;
— жеке тапсырыс (бронирование) беруді жоғарылату мен тап-сырыс уақытын қысқарту мақсатында ақпараттық техноло-гияларды дамыту;
— егде жастағы туристер үлесін жоғарылату;
— туризмнің белсенді түріне сүраныстың жоғарылауы, мы-салы таңдаудағы өзгерістер (таушаңғысы, дайвинг, велоту-ризм, сафари);
— нарықты қайта бөлуден, жаңа туристік орындардың пай-да болуы жэне кейбір елдерге виза алудың қиындығынан туристік қызметке еуропалық нарықта сүраныстың тө-мендеуі;
— түтынушылардың үсынылатын туристік өнімдерге тала-бының жоғарылауы, көбінесе демалыста жағдай жасаудың жоғары деңгейі, кейде күнделікті үйренген жағдайға үйлесімді жағдай жасау.
Еуропадан Азияға, Америкаға, Австралияға барып демалатын туристердің үлес салмағының жоғарылауы, олардың еуропалық аймаққа толық қанығуына байланысты.
Әрбір ел және аймақ халықаралық туризмді дамытудың жеке түжырымдамаларын қалыптастырады, яғни олар рекреациялық ресурстар сипаты, түрақты түрғындардың өмір сүру деңгейі, нақты уақытта шешіліп жатқан экономикалық есептердің си-паты жағынан бір-біріне түбегейлі ерекшеленді. Мүнда үлкен рөлді туризмді дамытудың экономикалық мақсатқа лайықтыгы атқарады.
Өткен гасырдың соңында әлемдік туристік нарықта отандық туризмді дамытудың жаңа түжырымдамасын жасауды талап еткен қарама-қайшылықтар жүйесі қалыптасты:
— жалпы туристік қызмет көрсетудің жалпы сипаты мен туристік қажеттілік және уәждемелердің жеке сипаты ара-сында. Туристік үйымдардың жалпы қызмет көрсетуге бағытталуы олардың бағдарламалық жэне тақырыптық ма-мандануына эсерін тигізді;
— бос уақыт қүрылымдары мен туристік үсыныстар арасын-да. Сонымен туристік үсыныс негізінен туристерге қызмет көрсетуге бағытталған, олар бос уақыт бюджетінде 8%- ды алады. Рекреакцияның уик-эңдтік түрінің дамымауы нэтижесінде демалыс туризмі реабилитациялық қызметті атқарды, ал адамның физикалық және рухани күшін дамы-ту халықаралық туризмнен «тыс қала берді»;
— оның экстенсивті даму жолын қамтамасыз ете алатын халықаралық туризмді жоспарлау мен қызмет көрсету са-пасын арттыруды қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы технологиялары мен эдістерін енгізу есебінен туристік-экскурсиялық қызметті интенсификациялау талабы ара-сында.
2005 жылы халықаралық туристік нарықта бэсекеге қабілетті туристік өнімді жасауда капиталды шоғырландыру үрдісі бай-қалды, осының есебінен нарықта туристік кәсіпорындардың төрт тобы пайда болды:
— сатылас қосылу арқылы пайда болған ірі туристік кэсіп-орындар, ягни туыстық немесе туристік өнімді өндіру үдерісінің нарықтық байланыс фазасын игеру;
— деңгейлес қосылу арқылы пайда болған ірі туристік кәсіпорындар мен концерндер;
— туристік өнімдерді диверсификациялау барысында пайда болған концерндер;
— шоғырландыру үдерісі араласпаған кішігірім мамандан-дырылған кіші жэне орта кәсіпорындар.
Еркін туристік нарықты олигополиялық нарықтық қүрылым-ға айландыру үрдісінде бүл салаға ірі банктердің, сақтандыру концерндерінің, транспорттық кәсіпорындар мен қаржылық топ-тардың кіруі байқалған.
Нарықтың олигополиялық туристік өнімді шығару арқылы бөлу мен сатудан қаржыландыруға дейінгі түрі туристік сектордың барлық бөлімдерінде пайда болды.
Туристік бизнесті бірнеше шоғырландыру қаржы ресурстары бар жаңа эріптестерді іздеуге, бүрынгы эріптестерін алмастыру немесе олармен жүмыс жасаудан бас тартуға экелді.
Халықаралықтуризмді дамытуға еуропалық қорлардан жэрдем қаржылар (дотация) жэне Еуропалық инвестициялық банктен алынған қарыздар септігін тигізді. Қаржылай көмек көрсетудің негізгі мақсаты — аймақтың туристік ерекшелігін көтеру, туризм саласындагы жұмысбасты кадрлардың кэсіптілігін көтеру, саяхат-тандыруды ынталандыру есебінен дамыту стратегиясын эзірлеу жэне енгізу, көрмелерді ұйымдастыру, судың сапасын арттыруға, қалдықтарды азайту, орман массивтері мен жағалауларды қорғауға арналған жобаларды қаржыландыру.
Туристердің қажеттілігін қанағаттандыру туристік аймақтағы тұрғындардың элеуметтік жэне экономикалық жағдайына, қор-шаған орта жэне табиғи ресурстардың ерекшелігіне зиян келтір-меуі тиіс. Туристік ресурстар барлық адамдардың жетістігі болып саналады, сондықтан мемлекет және халықаралық ұйымдар олар-ды қорғау жөнінде жалпылама қажетті іс-шараларды қолдануы тиіс. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықтың өзіндік ерекшелігі мен мемлекеттің негізгі мүддесін құрметтей отырып өзара эрекет етеді. Мұндай жағдайда екіжақты жэне көпжақты туристік жэне қаржылық ынтымақтастықтар көмек актісі ретінде қарастырылуы тиіс, себебі ол қолда бар барлық ре-сурстарды, қаржыны елдің мүддесі үшін пайдалануға бағытталған.
Ерекше назарды халықаралық туризмді дамытуға арналған жоспарлар мен болжамдарға аудару қажет. Лиссабондағы Әлем-дік туристік үйымдар конференциясының «Тоигізт: 2020 Ұізіоп» зертгеу нэтижесінде бес болашақ туристік бағыт анықталды:
— қызықты оқиғалы туризм (экзотикалық елдер, Антарк-тида, суасты кемелерінде саяхат жасау, алып тауларды бағындыру);
— круиздар;
— ұлттық қорықтарды аралау, қоршаған ортаны сақтауға жэне қорғауға бағытталған экотуризм;
— мэдени-танымдық туризм;
— нақты жағдайға немесе объектіге, мысалы тематикалық парктерге жоғары қызыгушылық тудыратын тақырыптық туризм.
Жеке аймақтарды ала отырып туризм бойынша көрсеткіш-тердің өсу қарқынын талдап, оның болашақтағы дамуына болжам жасаймыз.