Қазақша реферат: Туристік өнім |

0






Турист туристік қызметті, туристік өнімді тұтынушы болып табылады. Туристік өнім дегеніміз туристерге туристік фирма немесе туристер үшін турға шығуға құқықтары бар екендігін растайтын ұсынылған қызмет кешені. Сонымен қатар туристік өнім туристік сапар мерзімі кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыратын заттық жэне заттық емес тұтынушылық құнның жиынтығы. Жұмыс санатына аралас сала мен туристік индустрия кәсіпорындары жұмыстарының әр түрін, туристік қызметке жатпайтын туризм үдерісінде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей немесе жанама бағытталған жұмыстар санатын жатқызамыз. Бұл банк және қаржы саласындағы қызметтер (травеллерс чектер жүйесіндегі элемнің төлемдік несиелік карталарына қызмет көрсету), жүйелер байланысы, автокөлікті жалға беру, автотуристің өз машинасына бензин қүйғыштардан бензин қүюы, жөндеу жэне техникалық қызмет көрсететін жөндеу ше-берханалары, аралас салалы кәсіпорындар жүмысы, кір жуатын жерлер, медициналық қызметті үйымдастыру, балаларға қарау және жағдай жасау. Негізгі сала — фотопленкаларды шығару, фототүсірілімдерді шығару, фотоаппараттар мен видеокамералар-ды жөндеу. Туристік үдерістің ажырамас бөлігі — күзет жүмысы. Күзет жүмысшылары қонақүйлерде, мейрамханаларда, ойын мекемелерінде, мүражайларда, көшелерде туристер тобын алып жүреді.
Туристік тауарлар дегеніміз өндірістік сала қызметінің еңбек өнімін сатуға және туристер немесе экскурсанттардың қолдануына арналған.
Туристер спецификалық өнімдер санының көптеген бөлігін жэне туристік ассортименттің ерекше тауарын түтынады. Тауарлар номенклатурасы сапарлар сипаттамасына немесе туризм мен демалыстың әртүрлігігіне байланысты болып келеді. Негізгі орын-ды туристердің жеке түтыну немесе күнделікті тауарлары алады. Оны анықтайтын себептері де бар. Шоппинг-туризмнің арнайы мәселелерін қарастырмай-ақ негізгілерін атаймыз:
— ақша жүмсау мүмкіндігі — бүл қанағаттану, босаңсу, сая-хатты таңдаудағы негізгі ынталандыру болып табылады;
— сол елді сипаттайтын туристік саясат жайлы еске түсіретін жэне жергілікті жердің символдары болып табылатын сувенирлерді таңдау жэне жеке тауарларын түтыну;
— нақты саяхат үшін қажеттілігі бар тауарлар мен қүралдарды түтыну, мысалы карталар, жергілікті жерді сипаттау жэне жол көрсетушілер, сөздіктер, жағажай күралдары, спорттық тауарлар, фотоаппараттар, видеокамералар, дүрбілер:
— туристік қызығушылықтар объектісі шоғырланған туристік аймақтар меткорталықтар туристердің сүранысы жоғары тауарларға арнайы режим белгілейді. Осылайша жеңілдікті салық салу зонасы немесе жаппай сұранысқа ие тауарлардың бағасы төмен эуежайларда кедендік зоналар қалыптасады.
Туристік қызмет — ұйымының, мекеменің, кэсіпорынның не-месе кэсіпкер-азаматтық сипаты бойынша туризмнің мақсатына, сипаты мен бағытына, жалпы адамгершілік қағидаларына сэйкес келетін саяхатта, демалыс және экскурсияда туристер мен экскур-санттардың қажеттілігін қанағаттандыруга арналған қызмет.
Туристік қызметке кешенді сапарлар — қызметтер пакеті, ор-наластыру қызметі, тамақтану, транспорттық қызметтер, мэдени, спорттық, рекреациялық, экскурсиялық және т.б., сонымен қатар арнайы қызметтер кіреді. Туристік қызметтер негізгі (келісімшартқа кірген және барушылар төлеген) жэне қосымша (барған жерінде және саяхатта тұтыну уақытысында төленген) болып бөлінеді.
Тур — нақты басталу жэне аяқталу уақытында орындалатын көтерме жэне бөлшек түрде тұтынушыға сатылатын туристік қызмет жиынтығы.
«Қазақстан Республикасының туристік қызметі туралы» ҚР заңында туристік өнім «туристке сатуға арналған турға берілген құқық», ал «тур — туристерді орналастыруға, апаруға, тамақтандыруға, экскурсиялық қызметтерді ұсынуға, сонымен қатар гид-аудармашылар жэне саяхаттау мақсатына байланысты басқадай қызметтер кешені» деп анықталады.
Қызметтер пакеті келесіден тұрады:
— орналастыру қызметі;
— сусындарды қосқанда тамақтандыру қызметі;
— транспорт қызметі;
— трансфер-кездесулер, туристің жүгін тұратын орнына жеткізіп салу;
— экскурсиялық, рекреациялық, мәдени және спорттық қыз-меттер;
— дүкендерді аралауды ұйымдастыру қызметі;
— басқадай қызметтер (төлқұжаттарды, визаларды, медициналық және ветеринарлық сертификаттарды, автокөліктерді жалға беру, құжаттау). Туристік саяхатты жобалауда тур жобалаушы модуль ретінде үлкен рөл атқарады. Тәртіп бойынша тур туристік нарықтағы туристік өнімнің бірлік сатылымы болып табылады, сонымен қатар нарықтан жеке туристік қызметтерге сұранысқа ие болады.
Саяхаттау — бұл сауықтыру және басқа да туристердің қа-жеттілігіндегі нақты өмір жагдайын қамтамасыз етудегі туристік қызметтер кешені.
Экскурсия — рухани, этникалық, туристердің ақпараттық қа-жеттілігін қамтамасыз етудегі туристік қызмет.
Экскурсия келесі белгілері бойынша жіктеледі:
— экскурсия мазмұны;
— қатысушылар құрамы;
— өткізілу орны;
— жылжыту эдісі;
— өткізу түрі;
— өткізу жиілігі.
Экскурсияны дайындауда экскурсовод экскурсияның бақы-лау тестін — экскурсанттарға үсынылатын ақпараттың ғылыми белсенді мазмүны кіретін технологиялық қүжатты жасайды. Әрбір экскурсовод экскурсия кезінде өзінің «экскурсовод портфелі» атты экскурсиялық материалдық кешенін дайындайды. Экскурсия круиздық турларда белгілі орын алады.
Сапарға шығу — туристердің емдік және танымдық қажет-тіліктерін қамтамасыз етудегі бағыт бойынша белсенді жылжыту-ды қамтамасыз ететін туристік қызмет.
Түрлі жағдайда саяхаттау деп (келу, бару, турлар) алдын ала белгіленген үзақтығы мен мақсаты анықталған бағыты жэне бару бағдарламасы бар саяхатты айтамыз. Туристік саяхатты жобалау-да саяхаттың технологиялық картасы — бағдарламаның мазмүнын анықтайтын нақты бағыт бойынша туристерді қамтамасыз етудегі технологиялық құжат жасалады.
Туристік трасса — бекітілген жэне қажетті жабдықтармен жабдықталған бағыт.
Бағыт — туристік бет алыстың белгіленген жолы, саяхат, экскурсия. Бағыт барлық бірінен кейін бірі араланатын, транспорт түрі көрсетілген, бағыт бойынша бөлімшелер арасындағы турис-тер мен жылжулардың географиялық бөлімдері мен жерлері. Бағыттың бастапқы және соңғы нүктесі саяхат бөлімнің басы мен соңының аяқталуы болып табылады. Бағыттың басы — келі-сімшартта көрсетілгендей туристке алғашқы көмек көрсету қызметі. Бағыттың соңы — туристік қызмет көрсетудің соңғы орны. Жолмен жылжуға байланысты бағыттардың сызықтық, дөңгелек, радиалдық жэне аралас түрлері ажыратылады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!