Ертегілер еліне саяхат балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Тәрбипеші: Балалар,ертегілер еліне барғыларың келе ме? Олай болса, Машаның жұмбағын тыңдаңдар.

Дидактикалық ойын:

«Жұмбақтың шешуін тап»

1-ші: Жұмбақтар.

Үйін жинап ертеңмен,

Миіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі?

2-ші:

Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта аламады.

Бұл қай ертегі?

3-ші:

Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?

Музыка ырғағымен , сиқырлы таяқтың көмегімен балалар ертегілер еліне келеді. Ертегілер елнде балаларды Маша қарсы алады.

Маша балаларды ағылшын тілінде сөйлеп қарсы алады.

Hello children! How are you?

Тәрбиеші: Маша, бізді қарсы алғаныңызға рахмет. Біздің балалардың сізге арнап дайындаған ертегісі бар. Біздің балалар «Үйшік» ертегісін сахыналап береді. Отырып, көріп, тамашалаңыз.

Тәрбиеші: Ерте,ерте, ертегі елінде, жазық далада бір үйшік болыпты. Ол үйшікті ең бірінші болып тышқан көріпті.

Тышқан: Пи-пи-пи мен шиқылдауық тышқанмын.Бұл үйшікте кім тұрады? Ешкім жауап бермеді деп, тышқан үйшікке кіреді.

Құрбақа: Бақ-бақ-бақ деп секіріп құрбақа келеді. Мен бақылдауық бақамын.Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Маған кіруге бола ма?

Тышқан: Жоқ. Менің тапсырмамды орында.

1-ші:  Бір жылда қанша мезгіл бар?

2-ші:  Мезгілдерді атап айт.

Бақа көрермен балалардан көмек сұрайды: Балалар көмектесіңдерші, мен білмеймін.

Бақа үйшікке кіреді.

Қоян: Мен қорқақ қоянмын. Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауқ бақа,мен тұрамын.

Қоян: Маған кіруге бола ма?

Бәрі: Жоқ,жоқ,жоқ.Біздің тапсырмамызды орында.

3-ші тапсырма: Бірден онға дейін сана.(қазақша, орысша,ағылшынша)

Қоян балалармен бірге тапсырманы орындап,үйшікке кіреді.

Түлкі: Мен түлкімін, қу түлкімін.Ой, бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауқ бақа, мен тұрамын.

Қоян: Қорқақ қоян, мен тұрамын.

Түлкі: Маған кіруге бола ма?

Бәрі: Жоқ,жоқ,жоқ.Біздің тапсырмамызды орында.

4-ші тапсырма: Мына тақтадағы сиқырлы сандарды рет-ретімен қойып бер. Мына логикалық есептерді шығар:

Тал басында бес шымшық отыр.

Мысықты көріп, екі шымшық ұшып кетті.

Тал басында қанша шымшық қалды?

Екі ақ шар,

Екі көк шар,

Екі қызыл шар,

Барлығы канша шар?

Түлкі балалармен тапсырманы орындайды. Сөйтіп түкі үйшікке кіреді.

Аю:Мен қорбаңдаған аюмын. Мына өлең айтып жатқан кім екен деп үйшікке келеді. Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауқ бақа, мен тұрамын.

Қоян: Қорқақ қоян, мен тұрамын.

Түлкі: Қу түлкі, мен тұрамын.

Аю: Маған кіруге бола ма?

Бәрі: Жоқ,жоқ,жоқ.Біздің тапсырмамызды орында.

5-ші тапсырма: Орыс тілінде сергіту сәтін жаса.

Аю: Жарайды.Балалар, жүріңдер менімен бірге сергіту сәтін жасаңдар.

Сергіту сәті:

Ветер дует нам в лицо,

Закачалось деревцо.

Ветер тише,тише.тише,

Деревцо всё выше,выше.

Аю үйшікке кірин дегенде.

Маша: Аю тоқта, мен сенімен бірге үйшікке кіргім келеді. Менің де балаларға арналған тапсырмам бар.

6-шы тапсырма: Мына суреттегі көкөністерді,жемістерді ағылшын тілінде атап айтып беріңдер.

Маша үйшікке есіктен кіреді.Ал аю есіктен симай,шатырдан кіремін деп,үйді құлатады.

Бәрі шулап:Аю не істедің? Үйшігімізді құлаттың ғой.

Аю басын сипап: Кешіріңдерші.Мен сендерге жаңа үй соғып берем.Аю өзінің соғып бітпеген үйін көтеріп әкеледі.

Аю: Көрермен балаларды көмекке шақырады және ертегі кейіпкерлерін шақырады. Сөйтіп бәрі терезесін, есігін,шатырын желімдеп жапсырады.

Тәрбиеші: Міне балалар, достық пен бірліктің арқасында аңдар жаңа үйге ие болды. Енді осы аңдармен қоштасып балабақшамызға қайтайық. Қайту үшін 10-нан 1-ге дейін кері санайық.

Балалар Машамен бірге балабақшаға келді.

Маша: Балалар, сендер өте мейірімді балалар екенсіңдер. Аңдардың білмей қалған тапсырмасына көмектестіңдер. Жаңа үйдіің соғылуына көмектестіңдер.Олай болса, мен орманнан көп жапырақ әкелдім.Сол жапырақтарды иіскеп,тыныс алу жаттығуын жасайық.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!