Көктем балабақшадағы ашық сабақтар
БҚО, Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Қатынас білім беру саласы
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көктем»
Тәрбиеші: Досмуханова М.Е
Қатынас білім беру саласы
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көктем»
Уақыты: 11.03.2014 ж.
Мақсаты:
Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, амандасу.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Олай болса балалар кім бізге табиғат туралы тақпақ айтып береді.
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір — бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір — бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады.
-Көктем мезгілі
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар жылы тілектерін білдіреді.
Іздену ұйымдастырушы Балалар тақтадағы суреттерге қарап,оларды атап, алғашқы дыбыстарынан сөз құрайық.
(Көбелек,өрік,кітап,таға,есік,машина)
-Балалар қандай сөз шықты?
Дұрыс-ақ «Көктем». Бүгінгі өтілетін оқу іс – әрекетінің тақырыбы «Көктем» екен.
Тақтаға назарларыңызды аударыңдаршы балалар, көктем мезгілі бейнеленген бірнеше суреттерді қарап сипаттайық.
Көктемде неше ай бар?
Қай айдан басталады?
Жерде,далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшыпкеледі? (Ұзақ,торғай, су құстары)
Көктем гүлдерін білесіңдер ме?
Оқулықпен жұмыс
Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп шығу.
Сөздік жұмысын жүргізу
Шартылдайды – сартылдайды – тарсылдайды.
Қып – қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі көрініп тұр.
Өпкен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.
Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.
Дидактикалық ойын. «Көктемгі гүлдер»
Шарты: Себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлі сипаттайды. Мысалы: Бейәшешек, қызғалдақ.
Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салу.
-Көктем
Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.
Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.
— Ұзақ,торғай, су құстары
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Көктемгі табиғат өзгешеліктері туралы өз ойларын ортаға салады.
Көктем гүлдерін атайды.
Дәптердегі үлгіге қарап, суреттерін бояйды.
Рефлексивтік түзетушілік Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын қалай түсінгендерін сұрап шығу.
Оқу іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағалармен бағаланды.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі:Көктем мезгілі туралы білді.
Нені игерді:Әңгімеге өз ойларын қосып,сұраққа нақты жауап беруді игерді.
Нені меңгерді: Табиғатқа қамқор болуды меңгерді.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!