Ағайынды-егіздер қайсысы баланың әкесі екенін мойындаудан бас тартқан — Қазақстан жаңалықтары

0


Бразилияның Гояс штатында тұратын егіз еркектер әке болудан бастартты. Сот ДНК нақты нәтиже бермегендіктен, ағайынды-егіздің екеуіне де алимент төлеуге үкім шығарды. Бұл туралы BBSnews сайтына  сілтеп Stan.kz хабарлайды. 

Ағайынды егіздер баланың кімнен екенін айтудан бастартқан

Айыпталушы егіздер өз еріктерімен қайсысы шынайы әкесі екенін мойындаудан бас тартқан. Осы жолмен олар алимент төлеуден құтылуды ойлаған. 

Заң талаптарына сәйкес тегі айтылмаған ағайынды егіздердің аты: Фернандо және Фабрисио ретінде сот мәлімдеген. Бұл екеуі қызбен кездесуге кезекпен барып отырған. Екеуінің екі адам екенін білдіртпеген оларға сенген қыздың анасы қайсысынан жүкті болып қалғанын білмей отыр. 

Сот айыпталушылар шындықты жасыра отырып, қыздың биологиялық әкесі кім екенін білу құқығынан айырғанын айтты. Сот туу туралы куәлікке екі ер адамның атын «әкесі» деген бағанға кіргізуге қаулы етті.  Сондықтан да әрбір егіздер балаға ай сайын 230 реал төлейді (шамамен $60) — бұл сумма Бразилиядағы ең төменгі жалақының 30% құрайды. Осылайша, қыз екі есе көп алимент алатын болады.

Іс-материалдарында егіздердің әйелдерді алдау үшін өздерінің ұқсастығын пайдаланғаны анықталды. Осылайша олар мүмкіндігінше көбірек қызбен жақындасу үшін кездесуге барған.

Жапа шеккен әйелдің айтуынша олардың өтірігі ашылып қалатын болса, «бұл мен емес еді, ол»,- деп бір-біріне итермелеген. 

 

stan.kz