Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы — Бастауыш сынып — Bilim

0

Сынып: 1 «Ғ»

 


Сабақтың тақырыбы

Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.


1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік  жалғауларының қарапайым формаларын қолдану (терминсіз)


1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз,сөйлем мәтінді тексеру және қателерін түзету


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.


Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.


Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Өнер


АКТ қолдану дағдылары

 


Тілдік құзыреттілік

Мектеп-школа


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


5 минут

Аққу болып ұшамыз


Көлге келiп қонамыз


Көлдiң бетiн құшамыз


Қайта самғап ұшамыз.


– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 


 


 


 


 


 


Сабақтың ортасы


8 минут


 


 

1-жаттығу Мәтінді түсініп оқы.


 (М;Ұ;Т;Қ) Әңгімені оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқытамын. Оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын жұргіземін.Оқушылар өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік жасаймын.


2-жаттығу.(МК;Ө;Қ)


Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет. №2 жұмыс дәптерлеріне орындатамын. Жұппен жұмыс жүргізіп, оқушылардың қатені табу және түзетубілігін бағалаймын. Тақтамен жұмыс жұргіземін.


3-жаттығу. Тапсырманы жұптық жұмыс ретінде беремін. Оқулықтағы тапсырманы оқытып, сөйлемдерді көшіртіп жазғызамын.


Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, олардың байланысын сұрақ қою арқылы тап.


4-жаттығу


Көркем жаз.Оқулықтағы тапсырманы №2 жұмыс дәптеріне орындатамын.

 


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті


1 минут

Әппақ болып таң атты,


Түтiн тiке шығады.


Қарлығаштар қанатын


Самғап биiк ұшады.


Топ-топ, топ басайық,


Жалаудан күн жасайық.


Жаса, жаса алтын күн


Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ


Аяқталуы


16 минут


Қызықты тапсырма


8 минут


 


 


 

5-жаттығу


 Суретке қара. Саққұлақты тамақтандыруға көмекке кел.


 


Қосымша тапсырма


Шығармашылық жұмыс.


«Саққұлақ» тақырыбына өлең құрастырамыз. Керекті сөздер; Саққұлақ, күшік,сүйкімді, ала,ойнайды, қорғайды


1.Зат есім


2.Сын есім


3.Етістік


4.Сезімді білдіретін тіркес


5.Синоним

 


 


 


 


Оқулық, дәптерлер.


 


Сабақтың соңы


2 минут


 

Рефлексия


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Смайликтер


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?


 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

АКТ 

Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.


Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 


Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


 

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.




http://www.bilim-all.kz/