Әр балаға 21 мыңнан: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін жетілдіретін заңға қол қойды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әр балаға 21 мыңнан: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Атап айтқанда, құжат күнкөрістің ең төменгі деңгейін 70% -ға дейін көтеруді көздейді. Сондай-ақ, онда аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу және мүгедек балалары бар отбасылардың жәрдемақысын көтеру қарастырылған.

 

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін жетілдіретін заңға қол қойды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Атап айтқанда, құжат күнкөрістің ең төменгі деңгейін 70% -ға дейін көтеруді көздейді. Сондай-ақ, онда аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу және мүгедек балалары бар отбасылардың жәрдемақысын көтеру белгіленген.

 

stan.kz