Вице-министр атом электр станциясының құрылысы туралы: Қазақстандықтардың пікірі ескеріледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданарда қазақстандықтардың пікірі ескеріледі. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді

Вице-министр атом электр станциясының құрылысы туралы: Қазақстандықтардың пікірі ескеріледі

Министрдің орынбасарының сөзінше, Қазақстанда АЭС салу мәселесі талқыланып жатқанына бірінші жыл емес, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Қазақстандықтардың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Орнына келер болсақ, ауданның сейсмикалық жағдайына, суға қолжетімділігіне байланысты түрлі аумақтар зерттелді. Мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Әліге дейін нақты шешім шыққан жоқ. Алдағы уақытта шешім қабылданады деп айта алмаймын», — дейді вице-министр.

Сонымен қатар Мырзағалиев Қазақстанда АЭС салынбауы мүмкін екенін де айтты. Себебі қазіргі уақытта елімізде электр қуаты жеткілікті, дейді.

Айта кетсек, Қазақтан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуше барған еді. Путин Тоқаевпен жүргізген келіссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады. Ресей президентінің сөзінше, Мәскеу Нұр-Сұлтанға атом электр станциясын салу туралы ұсыныс тастаған.

Қазақстан аумағында атом электр станциясын Алматы облысында салу ұсынылып отыр.

stan.kz