Қайрат Лама Шарифтің жаңа қызметі
Қысқа сілтеме алу
Ол бұған дейін Қазақстанның Біріккен араб әмірліктеріндегі елшісі қызметін атқарған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қайрат Лама Шариф Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратпен ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен.
«Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызмет алдым. Министр Бейбіт Атамқұловтың бұйрығымен ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқаратын боламын»,- деді Қайрат Лама Шариф.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Әбілқасымованы жаңа қызметке тағайындады
Еске сала кетсек, 2019 жылдың ақпан айында Қайрат Лама Шариф мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Біріккен араб әмірліктеріндегі елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына Мадияр Меңілбеков тағайындалды.
Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Бахрейнде елші қызметін қоса атқарған болатын.
sputniknews.kz