Павлодар облысында қызыл су жолды екіге жарған

0

Павлодар облыстық төтенше жағдай департаменті 4 сәуірде таңертең Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульянов бағыты бойынша республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігін су басқандықтан уақытша жабылғанын хабарлады.

«Павлодар — Баянауыл арасындағы жол» деп көрсетілген Facebook-та тараған видеода еріген қар суымен қоректеніп, арнасынан асқан өзеннің асфальт жолды қақ екіге жарып, ағып жатқаны көрінеді.

Жергілікті билік өкілдері оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің мамандары мен 20 техника жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар жол қозғалысын бірнеше күннің ішінде қалпына келтіруге тырысатынын айтады.



Azattyq