Грипп, тұмау, суық тию, сақтану, емделу, сауығу
● Тұмаудың ең жақсы емі демалу. Тезірек жазылу үшін үйде тынығып, емделу керек. Өзге отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін мүмкіндігінше жеке қалуға тырысыңыз. Жеке ыдыс қолдану керек. Өзге отбасы мүшелерінің де маска таққаны абзал болады.
● Түшкірген, жөтелген жағдайда бір реттік салфеткамен ауызды жабу керек. Қолмен жапқан жағдайда қолды жуу, қолмен бетті, көзді уқаламауға тырысу керек.
● Тазалыққа мән беріңіз. Әсіресе қолды жиі жуып жүру керек. Бетті жуу, ауыз, мұрынды шайқау, дене тазалығы (душ), және киім, төсек тазалығына немқұрайлы қарамау керек. Ауадағы вирустар еденге, жиһаздарға шөгетіндіктен үй тазалығын да қадағалау керек.
● Жабық жайларды желдетіп тұру, ауа алмасуын қамтамасыз ету керек.
● Көп су ішіңіз. Күніне 8 — 10 стақан су ішу ағзадағы қалдықтардың денеден шығуын қамтамасыз етеді. Суды ыстық емес және суық емес, жылы етіп тұтыну керек.
● Ұйқысыз қалмаңыз. Тым аз ұйқы аурулардың шақырушысы. Мәселен бір түн ұйықтамау вирустарға қарсы төтеп беретін жасушалардың екі есеге азаюына себеп болады.
● Балаңыз ауырса, достарына жұқтырмауы үшін бала — бақшаға, сабаққа жібермеңіз.
● Күз мезгілі болса да күнге шығуға мән беріңіз. Күннен алынатын D дәрумені аурулардан қорған болады.
● Стресс – ағзаның төзімділігін азайтып, ауруға шалдығуға әкелетін басты себептердің бірі. Сондықтан әр түрлі жолдармен стрестен ұзақ болу, ауырмаудың бірден бір жолы.
● Зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Темекі иммунитетті әлсіретіп қоймай, қандағы С дәруменінің азаюына ықпал етеді.
● Иммунитет жүйесін күшейту керек. Күшті иммунитеттің кілті салауатты қоректе. Ет пен сүт өнімдерінен тұратын бай протеин көздерімен қатар жеміс — жидек, көкөніс және дәнді — дақыл өнімдерін тұтынып, иммунитетіңізді ауруларға қарсы табиғи қалқан ете аласыз. Әсіресе бауыр, жұмыртқа сарысы, сәбіз, өрік, қызанақ және дәмдеуіш көк шөптерде болатын А дәрумені иммунитетті күшейтеді. Азықтардан оңай алынатын В6 дәрумені мен фолий қышқылы мен мырыш иммунитет үшін қажетті антидене және иммундық жасушалардың қалыптасуына ықпал етеді. Ет, сүт өнімдері, бауыр және жұмыртқа сияқтыпротеинге бай азықтарда болатын В6 дәрумені антидене қалыптасуында әсерлі болады. Ал бұл дәрумен жеткіліксіз болған жағдайда иммунитеттің әлсіреуі, инфекцияларға төзімсіздік орын алуына себеп болады. Жаңғақ, сүт, жұмыртқа және бұршақты дақылдарда көптеп табылатын мырыш болса иммундық жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді.
● Салауатты қоректену мен қатар спорт, дене жаттығулары да иммунитеттің күшеюіне ықпал етеді.