Моңғолиядағы қонақүйде көз жұмған: Актер Алексей Булдаковтың өлімінің себебі аталды — Қазақстан жаңалықтары
Ресейдің «Амурская осень» театр және кино фестивальінің президенті Сергей Новожилов актер Алексей Булдаковтың неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Новожилов Instagram желісінде жазды.
Новожиловтың сөзінше, актер 3 сәуірге қараған түні 68 жасында Моңғолияда көз жұмған. Оның өліміне тромбтың үзіліп кетуі себеп болыпты.
«Моңғолияға турист ретінде барған. Бәрі түнде қонақүйде орын алған», — деп жазды ол.
Еске сала кетсек, Алексей Булдаков 3 сәуірге қараған түні қайтыс болған еді.
Алексей Булдаков 1951 жылы 26 наурызда Алтай өңірінде өмірге келген. 1981 жылға дейін Павлодар, Томск, Қарағанды, Рязань қалаларында театрда жұмыс істеді. 1982 жылы «Сквозь огонь» фильмінде ойнады. «Особенности национальной охоты», «Особенности национальной рыбалки» фильмдерінде ойнаған рөлі арқылы көпшіліктің есінді қалды. Соңғы рет актер «Душа шпиона» мен «Горчаков» фильмдерінде ойнады.
stan.kz