Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

0

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Комитетпен келесі жобалар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн:

— кезең-кезеңіменен онлайн бақылау-касса машиналарын ендіру бойынша;

— ҚҚС барлық төлеушілерін ЭШФ міндетті жазуға көшіру бойынша;

— жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде деректерді актуалдандыру бойынша;

— электронды сауда-саттықты дамыту бойынша;

— электрондық төлем жасау құралдарымен қамту мақсатында сауда үйлеріндегі пилоттық жоба бойынша. 

Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұлғаларды формализациялау бойынша да жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Алқа мәжілісі барысында рейтингтік бағалау көрсеткіштері нәтижесімен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларының есептері тыңдалды.

Түсімдердің негізгі өсімі (62,0%) Ұлттық қорға есептелетін салықтарға тиесілі. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Ұлттық қорға өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,0% немесе 881,4 млрд. теңге өсіммен 2 302,4 млрд.теңге салықтар мен төлемдер түсті.

2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 140,1 млрд. теңгеге немесе 102,3%-ға артық орындалды. Осылайша, 6 009,7 млрд. теңге жоспар кезінде өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,7 % немесе 870,8 млрд. теңге өсіммен 6194,8 млрд.теңге көлемінде салықтар мен төлемдер түсімі қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша жоспары 108,0 млрд.теңге артық орындалумен 102,5%-ға орындалды. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21,7 % немесе 782,7 млрд. теңге өсім қамтамасыз етілді. Негізгі өсім ҚҚС 31,4% және КТС 6,7% келеді.

Жергілікті бюджетке салық түсімдері бойынша жоспары 32,1 млрд.теңге  артық орындалумен 101,9%-ға орындалды. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда а.ж. 10 айы ішінде түсімдердің өсу қарқыны 112 % немесе 188,1 млрд. теңге артық түсті. 

Алқа мәжілісінің қорытындысымен құрылымдық бөлімшелерге және аумақтық органдарға межеленген жоспардың уақытылы орындалуы туралы нақты тапсырмалар берілді.