БҚО тұрғыны жезөкшені өлтіріп, денесін бір жарым ай бойы дәретханасында сақтаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Орал тұрғыны Александр Бештанов ауыр қылмысы үшін 13,5 жылға сотталды. Ол сотта кінәсін жартылай мойындады, деп жазады Мой город.

40 жастағы ер адам 25 жастағы жеңіл жүрісті қызбен бірге үйінде ішімдік ішеді. Екеуінің арасында жанжал туады. Қыз одан бірге өткізген уақыты үшін ақысын төлеуді сұрайды. Алайда ер адам одан бас тартады.  Тізесімен қыздың бетінен ұрады. Мойнын қысып, 4 минуттай ұстап тұрады. Осы кезде бойжеткен мерт болды. Александр қыздың денесін далаға шығарып өртеп жібереді. Кейіннен матаға орап, өз үйінің дәретханасына тастайды. 

Қыздың денесі 1 жарым ай өткен соң табылды. Полицейлер кінәліні таксистің көмегімен тапты. Ол марқұм қызды сол үйге жеткізіп тастаған. Полицейлерге айыпталушы дәретханасын өзі көрсетіп, қыздың денесі барын айтқан. 

Айыпталушы қыздың анасына 3,5 млн теңге моральді өтемақы және 415 мың теңге материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді. 

«Менің қызымды хайуандықпен өлтірді. Малға да бұлай жасамайды. Соғыс кезінде де бұлай қинап өлтірмеген. Қандай болса да ол менің қызым. 25 жаста ғана еді. Маған ерік берсе өзін солай өлтірер едім. Адам осынша қинауға бола ма? Оны қатал жазалауды қалаймын», — деп жылады 70 жастағы анасы. 

Айыпталушы жәбірленушінің өтемақысын төлеуге шағым түсірмейтінн айтты. 

Ал, туыстары оған қатаң жаза берілгенін айтып шағымдануда. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Оған шағым түсіруге болады. 

stan.kz