Ағалы-інілі екі ер адам жасамаған қылмысы үшін 42 жыл түрмеде отырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Флорида тұрғындары кіші Клиффорд Уильямс мен інісі Хуберт Натан 43 жыл бұрын полицияның қолына түсіп, қамалған болатын.

Ағалы-інілі екі ер адам жасамаған қылмысы үшін 42 жыл түрмеде отырған

Олар Джанетта мен Нина есімді қыздарды өлтірмек болды деп айыпталды. 

Екі қыз сол күні екі ер адаммен брге бір үйде болған.

Нинаның айтуынша,  Клиффорд Уильямс мен Хуберт Натан олардың бөлмесіне кіріп оқ атқан. Оқтан Джанетта көз жұмды. Ал, үйде болған басқа қонақтар екі ер адамның оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты. 

Полицейлер Нинаның сөзіне сенді. Америкалық айыпталушылар кінәсіздгін айтқанымен сотталып кетті. Олар 42 жыл бойы өздерінің ақталатынына сенімді болды. Әр түрлі ұйымдардан көмек сұрады. 

Олардың сұрауына келісімді тексеру бөлімі назар аударды. Бөлімнің қызметкерлір екі ер адамның ісін жіті тексеріп, олардың шын мәнінде кінәсіз екендерін дәлелдеді. 

Сол күні үйде болған өзге адам Джанеттаны өлтіргенін мойындаған. Тірі қалған Нина да бұл кезде өмірден озған. Сондықтан оның пікірін алу мүмкін болмады. Соңында екі ер адамды ақтап, бостандыққа шығарды. 

stan.kz